30 наурыздан бастап бүгінгі күнге дейін су тасқыны орын алған Қаратөбе, Сырым, Бөрлі, Теректі аудандарында ішек аурулары мен шағымданғандар тіркелген жоқ. Бұл мәліметті санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Мұханғали Арыспаев брифингте айтты.
Облыстың бес ауданында және Орал қаласында барлығы 20 елді мекенге тасқын су кірді.
Су басқан эпидемиялық маңызды нысандарға тоқталатын болсақ:
Қаратөбе, Теректі, Сырым аудандарында барлығы бес мал қорымдары;
Сырым ауданында Сібір жарасымен ауырған малдар көмілген үш орын;
Теректі, Қаратөбе аудандарындағы екі зират;
Қаратөбе ауданында тұрмыстық қалдықтар төгетін бір орын;
Екі денсаулық сақтау нысаны. Олар Бөрлі ауданының медициналық пункті, Қаратөбе ауданының фельдшерлік – акушерлік пункті.
Казталов, Сырым, Бәйтерек аудандарында төрт су құбырлары:
Казталовка ауданында бір ұңғыма;
Бүгінде жер үсті және жерасты сумен жабдықтау көздерінен ауыз судың сапасын бақылау жүзеге асырылуда.
Су тасқыны басталғалы орталықтандырылған сумен жабдықтау көздердерінен барлығы 412 су сынамасы алынды:
-оның ішінде 213 сынама микробиологиялық зерттеулерге, 199 сынама санитариялық-химиялық зерттеулерге алынды.
Орталықтандырылмаған сумен жабдықтау көздерінен барлығы 4 су сынамасы алынды.
Сумен жабдықтаудың барлық шаруашылық жүргізуші субъектілеріне су тасқыны кезеңінде ауыз суға хлор концентрациясын арттыру және ауыз суды зарарсыздандыру жөнінде хаттар жолданды.
Батыс Қазақстан облысы бойынша 18 уақытша орналастыру пунктінде 1654 адам қоныстанған болса, оның 837-сі бала.
Аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармалары мамандарымен уақытша орналастыру пункттерінде тәулік бойы кезекшілік жүргізілуде.
Кезекшілік кезінде су басқан жерлерден эвакуацияланған халықты тамақтандыруды және жайлылықты ұйымдастыруға ерекше назар аударылуда. Уақытша орналастыру пункттерінде тазалауды уақтылы жүргізуге, дезинфекциялауға және желдетуге бақылауда;
Су тасқыны кезеңінде тұрғындар төмендегі қарапайым және тиімді ережелерді сақтауы керек:
— Мүмкіндігінше қолыңызды сабынмен жиі әрі мұқият жуыңыз, әсіресе дәретханаға барғаннан кейін, тамақ дайындау және тамақтанар алдында, қандай ма болсын жұмыс істегеннен кейін.
— Ішуге тек қайнатылған немесе бөтелкедегі суды пайдалану.
— Азық-түлікті сақтау және дайындау ережелерін ұстану.
— Термиялық өңделген тағамдарды пайдалану.
— Жеке гигиена ережелерін сақтау, әсіресе кішкентай балаларға күтім жасау барысында.
— Көкөністер мен жемістерді сумен мұқият жуыңыз, қайнаған сумен өңдеңіз.
— Тасқын суға малынған тамақ өнімдерін пайдаланбаңыз.
— Жеке учаскеде жұмыс істегенде, ластанған қолдардағы инфекция ағзаға енбеуі үшін қолғаптар қолданыңыз, жұмыс кезінде тамақ тұтынбаңыз немесе темекі шекпеңіз.
— Тұрғын үйлер мен аула аумақтарын тазалағанда қолғап киіңіз.
Жедел жұқпалы аурудың белгілері пайда болған жағдайда: дене температурасының жоғарылауы, құсу, іш өту және т.б., дереу жергілікті медициналық ұйымдардың көмегіне жүгініңіз.
Жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын алу мақсатында Департамент және аумақтық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандары уақытша орналастыру пункттерінде тұрғындар мен адамдар арасында санитарлық-ағарту жұмыстары жүргізілуде.