ӨЛШЕУСІЗ ЕҢБЕК ИЕЛЕРІ

Жыл мезгілінің ең көрікті де қуанышты мезгілі көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыз Халықаралық әйелдер күнінде Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжінде ұзақ уақыт өлшеусіз қызмет еткен ардагер ұстаздарымыз, Құрманалина Шалқыма Хайроллақызы, ЖұмасоваКүлпашСағындыққызы,Галимова Абила Өтепқалиқызы, Ильясова Райса Қасымқызы, Маденова Тамара Утегеновна, Ғұбашева Сәрия Ғұбашқызын шын жүректен құттықтаймын! Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып құрметтейтін екі ұғым болса, соның бірі — ұстаз.  Ұстаз бола жүріп даналық пен жан жастығын, шығармашылық пен зор күш- жігерді, мейірміділік пен кәсібилікті қызметте біріктіре білдіңіздер. Еңбектеріңізді бағалау өте қиын, ол бағасы жоқ теңдесіз дүние. Өздеріңіздің жұмысыңызға көп күш жұмсағаныңыз соншалық, кейде өзіңіздің жақын адамдарыңызбен өткізуге болатын құнды уақытыңызды ұстаздық қызметке арнап жүрдіңіз.

Зейнет жасына жетіп, оқытушылық қызметтен қол үзсеңіз де,  ұстаз ретінде білім мен ғылым саласында үздік болып, білім алушылар мен әріптестеріңізге ерекше естеліктер қалдырдыңыз.

Шалқыма Хайруллақызы Құрманалина- «Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері», «Құрмет орденінің иегері», «Білім беру ісінің үздігі», «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері», «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісінің иегері, Қазақстанның педагогика ғылымдарының Академиясының академигі,  Ақпараттандыру Халықаралық Академиясының академигі,  Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері, ұзақ жылдар бойы  Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі директоры болған,  Орал қаласының құрметті азаматы,  «Есімі елге мәлім» қайталанбас дара тұлға.  Колледждің білім бәсекесінде жұлдызының жарқырауы, үлкен ұжымды басқарудағы іскерлік, жүйелі жүргізілген жұмыс осының бәрі де жетістікке жету жолындағы сіздің ерен еңбегіңіз.

ЖұмасоваКүлпашСағындыққызы— «Еңбекардагері» медалының, Едбасы «Алғысхатының» иегері. Жүзіненмейірімтөгіліп, сөйлескенжандыүйіріпалатын, көңіліміздің түбегінен орын алған кең пейілді, ақ ниетті ұстаз.Әр баланың жеке ерекшеліктерін ескеріп, зерттеп, психологиясына мән беріп, қазақ тілінде «Психология» оқулығын жасақтап ұсындыңыз. Әр сабағында ізденіспен жаңаақпараттықтехнологиянықолданып, білім алушылардың бойындағы  мүмкіндіктің ашыла түсуіне, шабытына шабыт қосуға, өзіне ғана тән адами қасиеттерін бөлісуге үйреттіңіз.

Галимова Абила Өтепқалиқызы- Педагогика пәнінің тәжірибелі жоғары санаттағы ұстазы, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің  озық қызметкері» белгісі, ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі» марапатының иегері. Колледжде педагогика және психология кафедрасыныңмеңгерушісіқызметінатқару барысында кәсіби шеберлікті шыңдап, ойы мен сөзі бір жерден шығып,  ісінен айқын көрініп тұратынын, өзі үшін емес өзгелер үшін, жас ұрпаққа және әріптестеріне берген тәжірибесі өлшеусіз. Педагогика пәнінің оқытушысы ретінде білім алушыларға «Педагогика» оқулығын жасақтауға қатысып, қыздарымызға адамгершілікке, парасаттылыққа, имандылыққатәрбиелейтіннақылсөзіннегізгеалғанардагерұстазымыз.Өзіңіз еңбегіңізді арнаған саланы дамытуға  сіңірген белсенді қызметіңіз,   озық ойлайтын кемел қабілетіңіз тәнті етпей қоймайды, жастарға ұлағатты ұстаз, өнегесіз!

Ильясова Райса Касымовна- ҚР Білім және Ғылым министрлігі Құрмет грамотасы және «Қазақстандық салалық Білім және Ғылым қызметкерлері кәсіптік одағының БҚО ұйымы» Құрмет грамотасының иегері, педагогика, психология кафедрасының жоғары санатты жалпы кәсіптік пәндер оқытушысы. Оқытушы қызметін атқарудан басқа, облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында көп жылдар бойы дәрістер оқып, қазіргі кездегі білім беру саласындағы өзекті мәселелерді шешуге өз үлесіңізде әлі де қосудасыз. Өмірден мол тәжірибе жинақтап, жас мамандарды тәрбиелеп, еңбек жолына бағыт бағдар беріп, жастарға ұстаз, ақылшы, көмекші бола білдіңіз.

Маденова Тамара Утегеновна-Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы, Батыс Қазақстан облысының Құрмет грамотасы, Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы және«Білім беру көшбасшысы» медаль иегері, ардагер ұстаз. Ақпараттық-коммуникациялық технологияны өз қызығушылығы мен өте шебер меңгеріп, әр сабағында компьютердің мүмкіндіктерін ерекше пайдаланып, шәкірттеріне білім беруде шығармашылықты бір інші орынға қойып, ерекше туындылар жасап әрдайым таңқалдырасыз. Болашағыма бағыт бағдар берген кураторым болған едіңіз. «Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту» мамандығы бойынша биік бастамалар, игі істер атқарып, қызығы мен шыжығы қатар жүретін өмір атты үлкен кемеде құламай жүзуімізге себепкерсіз.

Ғұбашева Сәрия Ғұбашқызы- Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің алғыс хат иегері, «Тәрбие жұмысының әдістемесі» оқулығының авторы, педагогика психология кафедрасының ардагер ұстазы. Колледж білім алушыларына дәріс бере жүріп,  мұғалімнің кәсіби әдебі мен шеберлігі, сынып жетекшіге көмек беру, ұжымды қалыптастырудың жолдары туралы көптеген оқу құралдарын жасақтады. Қазіргі таңда сіз қалдырған жазбалар мен оқу-әдістемелік құралдар жас мамандарға әдістемелік көмек ретінде әлі де қолдануда.

Мерейімдіөсіріп, көтеретін.

Аман болшыжақсыларжаныжайсаң,

Әрбірсындымойымайөткеретін!Сіздердің қоғамға қажетті педагогикалық кадрлар даярлауға қосқан шексіз үлестеріңізді биік бағалап, айрықша алғыс айтамын. Мықты денсаулық пен бақытты да ұзақ ғұмыр кешіңіздер!

 

Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж түлегі, педагогика, психология кафедрасының меңгерушісі,

Сахипова Жанаргүл Меңдібайқызы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *