Ағымдағы жылдың 7-10 ақпан аралығында Беларусь мемлекетінің астанасы Минск қаласында Беларусь президентінің жүлдесі үшін самбо күресі мен қатар жауынгерлік самбо спортынан халықаралық турнир өткізілді. Аталмыш бұл сайысқа Армения, Беларусь, Болгария, Германия, Қазақстан, Қырғызстан, Қытай, Ресей, Түркіменстан, Тәжікстан мемлекеттерінен келген 200 ге жуық спортшы қатысып, 11 салмақ дәрежесі бойынша бақ сынасты.
Сондай-ақ, бұл сайысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Тұрымбет Арман Нағашбайұлыда өз бағын сыныған болатын. 58 келі де бақ сынасқан Ұлттық ұлан жауынгері сайыс қорытындысы бойынша жүлделі 3-ші орынды иеленіп еліміздің абыройын асқақтатты.
Сонымен қатар, 7-9 ақпан аралығында Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы Есік қаласының дене-шынықтыру және сауықтыру спорт кешенінде құқықтық тәртіп әскерінің әскери қызметшілері арасында волейболдан Ұлттық ұлан чемпионаты өткізілді. Ұйымдастырылған бұл сайыстың басты мақсаты, әскери қызметшілердің дене шынықтыру дайындығы мен спорттық шеберлігің арттыру, салауатты өмр салтын насихаттау.
Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланның XXII спартакиадасы аясында ұйымдастырылған бұл сайысқа еліміздің түкпір-түпкірінен келген 7 команда қатысты. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығынан келген команда иеленсе, екінші орыншы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының командасы қаңжығасына байлады, ал үшінші орынды Қаракемер кентінің 6654 әскери бөлім спортшылары қанағат тұтты.
Атап айтар жайт, турнир жеңімпаздарына кубок, медальдар және бағалы сыйлықтар берілді.
ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі