Кез-келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Сыбайлас жемқорлық мемлекетті ішінен жоюдың бастамасы мен жетістіктерді жоққа шығаратын, ұлттық қауіпсіздікке қауіп-қатер әкелетіндігі күмәнсіз. Сондықтан да Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізгі басымдылықтарының бірі — осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік – экономикалық даму, нарықтық экономиканы құру инвестициялар тарту процесін баяулататын және демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсер ететін, елдің даму болашағына айтарлықтай қауіп төндіретін құбылыс.
Сыбайлас жемқорлық мемлекеттік жүйенің барлығын бұзады, мемлекеттік билік беделінің және мемлекеттік қызмет абыройының құлдырауына ықпал етеді. Сыбайлас жемқорлық экономиканың дамуына кедергі жасайды және ұйымдастырылған қылмыстың, әсіресе экономика саласында, өсірмеуге ықпал жасайды.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының мақсаты — азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
Сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолданудың нақты жолдарын толық білулері қажет.
Азаматтық қоғамның барлық институттарының күш-жігерін біріктіру, осы дерттің одан әрі ушықпауы үшін оны тоқтатудың халықаралық тәжірибесі мен барлық амалдарын қолдану арқылы ғана бұл құбылысқа тиімді түрде қарсы тұруға болады.
ҚР АШМ АӨК МИК Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясында алға қойып отырған міндеттерді жүзеге асыруға, қызметкерлері арасында қатерлі дертке жол бермеуге баса назар аударылып отыр. Теріс әрекеті бүкіл ұжымға кері әсерін тигізбеуі үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шаралар атқарылуда.
Атап айтқанда: Батыс Қазақстан облыстық, сондай-ақ аудандық және қалалық аумақтық инспекциялардың ғимараттарында жалпыға бірдей көрінетін жерлерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі стендтер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің «Сенім телефондары», инспекция басшыларының телефондары, Әдеп жөніндегі уәкілдің сенім телефоны, жүзеге асырылатын мемлекеттік қызметтер туралы, азаматтарды қабылдау кестелері орналастырылған.
Мемлекеттік қызмет көрсетуші мен қызметті алушы арасындағы байланысты мейлінше азайту бағытында өсімдіктер карантині саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету орны «Бір терезе» қағидасы бойынша (опен спейс) форматындағы алаң жүзеге асырылуда және толық электронды түріне көшірілген. Сонымен қатар өтініш қабылдау және құжат беру орыны бақылау камералармен жабдықталды, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында өсімдіктер карантині саласы бойынша өтінімдерді жолдау үшін жеке және заңды тұлғаларға арналған өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жасақталып, қажетті ұйымдастыру-техникалық жабдықтармен және интернет желісімен қамтамасыз етілген.
Батыс Қазақстан облыстық, қалалық, аудандық аумақтық инспекциялармен 2023 жылдың 10 айында 249 іс-шара өткізілді. 62 –і облыстық аумақтық инспекциясы және 187-і қалалық және аудандық аумақтық инспекцияларда. Осының ішінен: 59 жиналыс пен семинар-кеңестер оздырылды. Құқықтық оқытулар-48 мәрте, 26-«дөңгелек үстел», 48-семинар-әңгімелесу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет және мемлекеттік қызмет департаменті қызметкерлерінің өкілдерінің қатысуымен 3-дөңгелек үстел отырысы оздырылды. Бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында антикорлайф жобасы шеңберінде тікелей эфир-9, бұқаралық ақпарат құралдарында — 4 мақала жарияланды. Фейсбук әлеуметтік желісінде — 57 материал жарық көрді.
2023 жылы Қазақстан Республикасы ауылшаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық, Орал қалалық және аудандық аумақтық инспекциялары мемлекеттік мекемесі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау мақсатында 2 рет ішкі талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ, бірақ олардың алдын алу бойынша карантин, өсімдіктерді қорғау салалары бойынша нұсқамалар берілді.
Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті мен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының бірлескен бұйрығымен 2023 жылдың қараша айының 1 мен 30 аралығында инспекцияның қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне анықтау мақсатында сыртқы талдау жүруде.
Қорыта келе айтайын дегеніміз: сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп білу керек.
А.ДАУЛЕТОВ,
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазакстан облыстық аумақтық инспекциясының бухгалтерлік есеп және құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы