Қазақ дәстүрлері:  сәбидің алғашқы тойы

«Шілдехана» нәрестенің дүниеге келу құрметіне арналған той, қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлердің бірі баланың дүниеге келгендегіалғашқы тойы. Бұл салтты еліміздің кей жерлерінде «шілделік» деп те атайды. «Шілдеханаға» шақырумен де, шақырусыз да баруға болады. Қонақтар Перзентіңнің (ұлыңның немесе қызыңның) «бауы берік болсын!» деген тілек айтады.
Шілде сөзі парсының (қырық сөзінен шыққан. Шілдехананың көне атауы .Шілде күзет болған. Мағынасы: туылғаннан кейінгі қырық күндік күзет (анасы мен баласын жын-шайтандардан 40 күн бойына, яғни қырқына дейін күзету).


Қазақ халқы думаншыл халықтың бірі. О баста, бұл салт-жора нәрестені үш күнге дейін жын-періден қорғап күзету сияқты ырымдарғабайланысты туған. Осыған байланысты шілдехананың көне атауы Шілде күзет болған. Бұл сөздің мағынасы Қырық күндік күзет дегенді білдіреді. Арада көп уақыт өтті. Халық өзгерді. Алғашында мәні басқаша болған шілдехана кейіннен жас сәбидің дүниеге келгенін той жасап атап өту рәсіміне айналған. «Шілдеханада» жастар жағы ойын-сауық құрса, үлкендер жағы бата-тілектерін айтады.
Қазақ халқының әдет-ғұрпында ұл баланың дүниеге келуін ұл туғанға күн туған қыз баланың дүниеге келуін қыз туғанға ай туады деп ерекшебақыт санаған. Отбасының, ұрпақтың жалғасы, шаңырақтың иесі ұл бала болып есептелген.

Қазақ халқында ұл бала туылса да, қыз бала туылса да жақын туыстарына хабарлап, сүйінші сұраған. Сүйіншіні алыстағы ағайындарға хабаршы жіберу арқылы сұраған. Сүйінші хабарды жеткізушілер ұл туылған болса немесе жылқышы туылды деп, ал қыз бала туылған болса көйлек тігер немесе сауыншы туылды депхабарлаған.
Дүниеге келген нәрестенің отбасы (анасы мен әкесі, әжесі мен атасы, т.б.) қуаныштарын көрші-қолаң, ағайын-туысты жинап, той-думан жасап атап өтеді. Ол тойға жақын туыстары мен жора-жолдастары келіп, нәрестенің жақсы азамат болып өсуіне тілектерін білдіріп, шамаларынақарай сыйлықтарын береді, шашу шашады. Баланың анасына туған туыстары ерекше күтіммен қарайды.
Туылған ер баланы отыз күн, қыз баланы қырық күн суға түсіріп, денесін сылап, буындарын созады. Қырқынан шығару жоралғысын қырық күн өткен соң жасайды. Оны ағайын-туысы болып келетін сыйлы, жасы үлкен әйел кісіге тапсырады Қазір күндегі «Шілдехана» тойының сценариі мүлдем басқаша. Дегенмен, түпкі мағынасы сақталған, яғни бала дүниеге келгеніне байланысты қуаныш тойы ретінде аталып өтеді.

БҚО қоғамдық даму басқармасының Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы бойынша «отбасылық құндылықтар мен ұлттық дәстүрлерді насихаттау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу»жобасы шеңберінде

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *