Заманға сай баспаханамен «Полиграфсервис»

«Полиграфсервис» баспаханасы қазақстандық нарықта 1996 жылдан бастап табысты жұмыс жасап келеді.

Бұл заманауи толық аяқталған офсеттік циклмен баспа өндірісі, оның құрамына кәсіби дизайнерлер мен басылымды басып шығаруға дейінгі, баспа цехы және баспадан шығарудан кейінгі өңдеу цехы, гофро өндірісі, қағаз шыныаяқтар өндірісі кіреді. Барлық сатысындағы кезеңдерде сапаға, түстердің дұрыс көрсетілуіне, кесудің дәлдігіне,  дайын өнімде ақаулардың болмауына қатаң бақыланады. Бұрын компания Даму Қорының қолдауы арқылы «қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында қағаз шыныаяқтарды өндіру желісі сатып алынса, ал «БЖК 2020» бағдарламасы арқылы басып шығаруға арналған офсеттік жабдық сатып алынды.

Және де  қызметін кеңейту үшін қағаз және картон тар өндіру, газет басу, және басқа да баспа өндірісіне, атап айтқанда айналым қаражатын толықтыру мақсатында, компания «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ға жүгінді, онда КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ 2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН ҰЛТТЫҚ ЖОБА мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде  қарызды 18,5% жылдық сияқымен мақұлдады, оның 6% — ын кәсіпкер төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

Баспахананың автоматтандырылған өндірісі тапсырыстарды қысқа мерзімде орындауға мүмкіндік береді. Компания ай сайын 1000-нан астам тапсырысты орындайды. Өнімнің жоғары сапасы мен нарық үрдістерінің тұрақты мониторингінің арқасында «Полиграфсервис» компаниясы өз саласының көшбасшысы болып табылады.

Мекен-жайы: ҚР, БҚО, Орал қ., Лев Толстой к-сі 27/6

Тел.: 8 (7112) 505-146

Сайт: polygraphservis.kz

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *