«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Күн тәрітібінде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру. Әсіресе осал топтағы отбасы балаларының үйірмемен, жазғы лагерлермен қамтамасыз етілуі және жазғы уақыттағы бала еңбегін ұйымдастыру туралы және жаңартылған кеңес құрамының алдағы жұмысын ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Отырысты «AMANAT» партиясы БҚОФ Атқарушы хатшысы Азамат Сафималиұлы Сафималиев жүргізіп, жаңартылған кеңес құрамына Партияның Орталық аппараттың келісімімен №42 «Ақ ниет» гимназиясының директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты, қоғам белсендісі, кеңестің жаңа құрамының төрағасы Ғұбашева Азима Зиннатқызымен таныстырды.
Айта кету керек, сайлау науқанынан кейін партия жанындағы қоғамдық кеңестер өз жұмысын бастап, сайлауалды бағдарламадағы әр салаға қатысты бағыт бойынша орындалуын бақылап, қоғамдағы сол салаға қатысты түйткілді сұрақтарды да назардан тыс қалдырған емес.
Жалпы атаулы кеңес 2018 жылдан бері өз қызметін жалғастырып келеді. Азамат Сафималиев кеңестің төрағасы қызметін 5 жылдай атқарған Ляна Тұрсыноваға «AMANAT» партиясы төрағасы атынан және облыстық филиал басшылығы атынан алғыс хат табыстап, алдағы жұмысына табыс тіледі. Сонымен қатар, бұрынғы кеңес мүшелеріне алдағы жұмыстарына табыс тілеп, облыс басшылығы атынан алғыс хаттар табысталды.
5 жылда біршама жұмыс атқарылды. Осы жылдар ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімділігі бойынша 1000-нан астам нысанға мониторинг жүргізілді. 1000-ға жуық балалар ауласының алаңында жарықтандыру, бақылау камералары тексерілді, аулалардағы электр қалқандары, кәріз люктері тексерілді, олардың көпшілігі рейд кезінде ашық болды, бұл балалар мен қарттарға қауіп төндірді. Біздің барлық ескертулеріміз ескеріліп, жойылды.
2018 жылдан бастап кеңестің 30-дан астам жоспарлы отырыстары және кезектен тыс жұмыс кеңестері өткізілді; 500-ден астам рейдтер мен мониторингтер; күн тәртібіне Халықты әлеуметтік қорғауға қатысты 90 мәселе шығарылды.
Кеңес мұшелері балаларды психологиялық қолдау қызметін дамыту, суицидтің алдын алу, білім беру ұйымдарында зорлық-зомбылықты анықтау жөніндегі бірыңғай кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде бірлескен күш-жігермен кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық фактілерін 38 пайызға төмендетуге қол жеткізді.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша облыстық білім басқармасының өкілдері және Орал қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Серік Ерболатұлы Қайырлиев сөз сөйледі.
Олардың айтуынша, биылғы жазғы оқу демалысында облыс аумағында 575 лагерь ашылып, 101 мыңнан астам бала тынығады. Енді олармен қатар, мүмкіндігі шектеулі және тұрмысы төмен отбасылардың балалары да қамтылады. Сонымен қатар, биыл жазғы демалыс лагерьлерінде мүгедек балаларға да көбірек көңіл бөлінеді.
Кеңес мүшелері бұл ретте лагерьлерден танымдық сипаттағы үйірмелер ашып, жасөспірімдерге барынша қолайлы жағдай жасалуы керектігіне баса назар аударды.
— Біз барлық тараптарды тыңдадық. Балалардың үйлесімді дамуы, тәрбие және білім беру міндеттерін іске асыру барлығымыз үшін, қоғам үшін маңызды болып қала бермек. Атап өтсек, ерекше қабілеті бар балалардың жазғы демалысына баса назар аударуымыз қажет. Барлық мемлекеттік органдардың өкілдеріне кеңес жұмысына қатысқаны және өзекті мәселелерді талқылағаны үшін алғыс білдіре отырып, бірлесе жұмыс атқаруға шақырамын, — деп жиынды қорытындылады Азима Зиннатқызы.
Күн тәртібінде көтерілген барлық мәселелер жауапты мекемелерге жолданып, партияның қатаң бақылауда болады.
«AMANAT» партиясы БҚОФ баспасөз қызметі