САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫ
Мұхамбетжанов Бауыржан Қамарұлы
Мен, Мұхамбетжанов Бауыржан Қамарұлы, 1974 жылы 25 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Зеленов ауданы Переметное ауылында дүниеге келдім. 2 жоғары білімім бар: 2000 жылы Батыс Қазақстан аграрлық – техникалық университетін инженер-механик мамандығы бойынша және 2007 жылы «мемлекеттік және жергілікті басқару» Еңбек және әлеуметтік қатынастар Академиясын бітірдім.
Еңбек жолымды № 27 ДСУ Орал жол – көпір құрылысы басқармасының шебері болып бастадым. 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте қалалық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінде маманы болып жұмыс істедім.
Әр жылдары жылдары Орал қаласы әкімінің аппаратында ұйымдастыру-кадрлық жұмыс, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімдерінің басшысы болып жұмыс атқардым.
2011 жылдан бастап Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы, содан сон Желаев ауылдық округінің әкімі болып тағайындалдым.
2013-2019 жылдары Зачаган кенті әкімінің орынбасары.
2019 жылдан 2021 жылға дейін Орал қаласы әкімінің аппаратында қызмет атқардым.
2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күні бүгінге дейін «AMANAT»партиясының Орал қалалық филиалында жұмыс істеймін және «AMANAT» партиясының мүшесімін.
Үйленген, екі ұлым бар.
Құрметті жерлестер!
Мен үшін «Аманат» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидат болу, үлкен мәртебе және жауапкершілік. Егер Мен депутат болып сайлансам , менің басты мақсатым – Орал қаласы тұрғындарының, әсіресе №5 сайлау округімнің аумағында тұратын тұрғындардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларын жақсарту. Сондықтан мен өз қызметімді келесі бағыттар бойынша жүзеге асыруға ниеттімін:
- «Аманат» партиясының бағдарламаларын, сондай-ақ сайлау алдындағы платформада көрсетілген жарғылық мақсаттар мен міндеттерді іске асыру;
2.Облыс орталығын дамытудың әлеуметтік-экономикалық жоспарларын іске асыруға белсенді қатысу;
- Қала көшелерінің жолдарын салу мен жөндеуге жәрдемдесу. Атап айтқанда:
— Меловые горки ауылына жол салу;
— Зачаганский бау-бақша серіктестігінде орналасқан Сарыарқа көшесін жол жөндеу жұмыстарын аяқтау;
— Круглоозерное кенті және Серебряково ауылындағы көшелерді күрделі жол жөндеу жұмыстары;
-Серебреково ауылына асфальт-бетон жабыны бар жаяу жүргіншілер жолын төсеу.
4.Жолаушылар ағыны мәселесін шешу, атап айтқанда осы округтің тұрғындарын тасымалдауды қамтамасыз ететін №3,№51 маршруттының жүріс уақытын шешуге жәрдемдесу:
5.Осы округтің сәулет саласындағы құрылымын әзірлеу мәселесін шешу. №5 округ бойынша көбідерлік көше атаулары мен үй нөмірлері қала схемасына енгізілмеген, бұл жедел жәрдем, авариялық қызметтер, полиция және т. б. шақыру кезінде үлкен проблемалар туғызады:
6.Меловые горки ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарының мәселесін жоюға жәрдемдесу және Круглоозерное кентінде қоқыс контейнерлері санын көбейтуге ықпал ету.
7.Біздің сайлау округінің тұрғындарын жұмысқа орналастыру, Шағын және орта бизнесті дамыту мәселелері бойынша қолдау көрсету.
- Халықтың аз қамтылған топтарын, көп балалы және аз қамтылған отбасыларды, зейнеткерлер мен мүгедектерді әлеуметтік қорғауға ерекше назар аудару.
- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты басқару жүйесін жаңғырту және азаматтарды сапалы жылумен, электрмен, газбен және сумен жабдықтау қызметтерімен қамтамасыз ету мәселесін шешу. Оларды есепке алудың заманауи жүйесін енгізу. Әрбір адам нақты тұтынатын коммуналдық қызметтер үшін төлейді.
- Салт- дәстүрлерді сақтау, соғыс және еңбек ардагерлеріне, қызметтік борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына құрмет көрсету, олардың заңды жеңілдіктерін толық көлемде алуға қол жеткізу.
- Круглоозерное кентінде мәдениет үйінің салынуына ықпал ету.
Құрметті жерлестер!
Біздің басты мақсатымыз – әділ Қазақстанды құру. Оны істеу үшін өткен қателіктерді ескеріп, жинақталған мәселелерді бірге шешуіміз керек. Іске көшетін уақыт келді.
Жарқын болашақты бірге құрайық!
Республикалық бюджет қаражатынан төленді