Мемлекеттік қызмет қоғам өмірінде ерекше рөл атқарады және мемлекеттік қызметте адал және мінсіз еңбек атқарып журген қызметшілер көп. Сондай мамандардың бірі санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылық саласында көп жылдары еңбек етіп келетін маман Майрагүл Сарсенгалиевна Бектемирова.
Майрагүл Сарсенгалиевна Атырау (Гурьев) облысы Махамбет ауданың тұмасы.
1991 жылы он жылдық мектеп бітірген сон, Орал қаласының медициналық училищесіне түсіп, 1994 ж. «гигиена, санитария, эпидемиология» мамандығы бойынша, «санитарный фельдшер» біліктілігімен тамамдап, Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық станциясына санитариялық дәрігердің көмекшісі ретінде еңбек жолын бастап қазіргі уақытта Орал қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының санитариялық-гигиеналық бақылау және қадағалау бөлімінің бас маманы ретінде қызмет етіп келеді және өзің кәсіби, жан жақты маман ретінде таныта білді.
Санитариялық -эпидемиологиялық салуаттылығы саласында қызмет ету жай ғана шырт киініп, әдемі кеңседе отыру емес, бұл күнделікті жан жақты іс-шараларды атқару соның бірі корановирус пандемия кезіндегі мониторинг топ жұмыстары, жедел эпидемиологиялық ошақтарға тексеру жүргізу, уақытылы сынамаларды жеткізу, сақтық талаптарды сақтау мақсатында халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын екі тілде жүргізу, сапалы, уақытылы мемлекеттік қызмет көрсету.
Сонымен қатар ұжымның қоғамдық жұмыстарына да мәдени, спорттық іс-шараларға да белсенді қатысады.
Ал, Майрагүлдің жеке қасиеттеріне келетін болсақ үлкенге құрмет көрсету, кішіге ізет болу, қарапайымдылық пен мейрімділік, инабаттылықта осы адамның бойында.
Аталған жұмыстардың бәрінде Майрагүл
табандылық пен кәсіби шеберлік танытып, жас мамандарға үлгі болып келеді.
Осы саладағы көп жылғы еңбегін ескере отырып бірнеше рет алғыс хаттарымен, мадақтамалармен, мемлекеттік қызметке 20 жыл деген медальмен марапатталған.
Орал қ. санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының қызметті жоспарлау
және талдау бөлімінің бас маманы А.Жомартова