Дені сау бала — бақытты ана!

Бүгін елімізде бала денсаулығына ерекше көңіл бөлінуде. Балалардың өмірін қорғау және физикалық денсаулығын нығайту – әрбір ата-ананың басты міндеттерінің бірі.

Кәсіпкер Дюсекенова Жаннат Ирсаиыновна жұбайымен ана мен бала денсаулығын жақсарту мақсатында сауықтыру кешенін ашу идеясын көптен бері ойлап жүрген болатын. Біз осы салада қажетті білім алдық. Идеяны жүзеге асыру үшін кәсіпкерге үй-жайды жөндеуге және қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға несие қаражаты қажет болды. Кәсіпкер қаржыландыруға «Қазақстан Халық банкі» АҚ-на жүгінді. Банк «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы бойынша жылдық 14 пайызбен несиені мақұлдады, оның 8 пайызын мемлекет субсидиялайды. Сондай-ақ, «Даму» қорының кепілдендіру құралы есебінен кепілдікті қамтамасыз етудің жеткіліксіздігі мәселесі шешілді.

Ағымдағы жылы «Ерке» сауықтыру орталығы оралдықтарға есігін айқара ашты. Орталықтың басты мақсаты – балаларды бесіктен салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сауықтыру орталығы 2 айдан 12 жасқа дейінгі балалар бассейні, балалар массажы, логопед қызметі, дефектолог қызметі, жаттығу терапиясы, тренажер залы, қолмен массаж жасау кабинеті сияқты көптеген қызметтерді ұсынады. Барлық осы процедуралар баланың денсаулығы мен иммунитетін жақсартуға көмектеседі.

«ERKE» орталығының басты ерекшелігі – жүзу бассейні, онда тәжірибелі жаттықтырушылар баламен айналысады және «Аналар мен сәбилерге» топтық сабақтар жүргізеді. Орталық балалардың уақытын қызықты өткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды.

«Жобаның миссиясы — адамдарға күш пен денсаулықты қалпына келтіруге, өмірден қуаныш алуға көмектесу», — дейді кәсіпкер.

ЖК «Дюсекенова Ж.И.»

Мекенжайы: Орал қаласы, Зашаға кенті, «Арман» шағын аудан,  Е. Брусиловский көшесі, 47 үй.

Тел. 8-708-570-85-13

Инстаграм: @erke_bassein

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *