Спортшылар 2022 жылды қорытындады

2022 жылдың 21 желтоқсан күні Орал қаласында Зашаған кенті, М.Мөнкеұлы 51/3 орналасқан «Нұралы» мейрамханасында «Жыл қорытындысы-2022» — жылдың үздіктерін марапаттау рәсімі өткізілді.
Салауатты өмір салтын насихаттау аясында 2022 жылы облыста 133 097 адамның қатысуымен 3011 спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.


2022 жылы өңірдегі басымды спорт түрлерінен 14 ҚР чемпионаты, 1 Халықаралық турнир, 1 ҚР Кубогы, 4 Республикалық турнир, спорт ардагерлері арасында 1 Республикалық спартакиада өткізілді.
2022 жылдың қорытындысы бойынша облыста дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылданушылар саны 270219 адамды немесе облыс халқының 39%-ын құрады. 2025 жылға дейін бұл көрсеткішті 50%-ға дейін жеткізу көзделіп отыр.
2022 жылы Әлем, Азия және Қазақстан Республикасының чемпионаттарында, Халықаралық турнирлерде және басқа да ірі сайыстарда көш бастап, кәсіби іскерліктері мен бәсекеге қабілеттіліктерін танытқан облыс спортшылары барлығы 1166 медаль ұтып алды. Оның ішінде Азия чемпионаттарында 30 – алтын, 31 – күміс, 21 – қола медаль; Әлем чемпионаттарында 19 – алтын, 17 – күміс, 6 – қола медаль.
2022 жылғы ірі дүниежүзілік сайыстар — ХХІV қысқы Олимпиада ойындары және ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындары.
Өңіріміздің перспективті спортшысы Ғалиахметов Әділ және батыс спортының түлегі Әжғалиев Абзал ХХІV қысқы Олимпиада ойындарында шорт-трек сайысында жақсы өнер көрсетіп, отандық спорттың намысын қорғады.
ХХІV жазғы Сурдлимпиада ойындарында облысымыздың жас спортшысы Ержанова Дина дзюдо күресінен тартысты бәсекеде қола жүлдені қанжығасына байлады.
Спорт саласының қызметкерлері Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің ведомстволық наградасымен, Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің алғыс хаттарымен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің алғыс хаттарымен және БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының алғыс хаттарымен марапатталды.
Номинациялар бойынша:
— «Жыл серпілісі» номинациясы бойынша Бровкова Мария марапатталды.
— «Үміт артар спортшы» номинациясы бойынша Ильясова Алина марапатталды.
— «Үздік команда-2022» номинациясы бойынша 3х3 Баскетболдан жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионы «БҚО – Arlans» U-12 командасы марапатталды.
— «Үздік бапкер-2022» номинациясы бойынша әйелдер күресінен Батыс Қазақстан облысының аға жаттықтырушысы Нарегеев Мусабек марапатталды.
— «Үздік облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» номинациясы бойынша Облыстық мамандандырылған олимпиада резервінің балалар-жасөспірімдер мектебі марапатталды.
— «Үздік аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» номинациясы бойынша Сырым ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі марапатталды.
— «Сурдлимпиадалық спорт түрлерінен үздік спортшы» номинациясы бойынша Иржанова Дина марапатталды.
— «Ұлттық спорт түрлерінен үздік спортшы» номинациясы бойынша Қайыржанов Әсет марапатталады.
— «Олимпиадалық емес спорт түрлерінен үздік спортшы» номинациясы бойынша Джумагальдиева Алтынай марапатталды.
— «Қысқы спорт түрлерінен үздік спортшы» номинациясы бойынша Қажғали Нұртілек марапатталды.
— «Жазғы олимпиадалық спорт түрлерінен үздік спортшы» номинациясы бойынша Панасович Анастасия марапатталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *