«Қолы ашықтың – жолы ашық», «Жомарттың аты арып, тоны тозбас», деген ғибратты сөздерге қазақ халқы амал етіп келеді. Оған ұлтымыздың астындағы атын түсіп беретін мырзалық, мәрттік қасиеттері дәлел. Мыңжылдықтар толқынында өзгеге жем болмай бүгінгі күнге бүтін жетуімізде сүрінгенге сүйеу, жығылғанға жалау, қиналғанға қолдау білдірген тағылымды көруге болады.
Шүкір, қазақта әлеуметтік ахуалы төмен жандарға қолдан келгенше көмегін аямайтын қайырымды жандар қай кезде де аз болмаған. Ондай жомарттар әлі де баршылық арамызда. Әрине, байдың бәрі жомарт емес, ал жомарттың бәрі бай емес. Жомарттық үшін де сана керек, парасат керек. Бір сөзбен айтқанда, жомарттық жасау рухсыз адамның қолынан келмейді.

«QAZAQSTAN JASTARY» қоғамдық бірлестігінің менеджері
Зәуре Қайсарқызы