Қандаладан қалай құтылуға болады ?

Соңғы уақытта облыс тұрғындар тарабынан қандалаға шағым көп болып кетті. Біздің мекемеге келіп түскен өтініштердің саныда, бұрынғы жылдармен салыстырғанда, 2-3 есеге көбейді. Қандала адамдар көп шоғырланған жерлермен ( жатақханалар, әлеуметтік ұйымдар, т.б.) қатар үй-жайларда, медициналық ұйымдарда да кездесіп жатады.    

Қандала — дене пішіні 3 миллиметр болатын қансорғыш. Өз көлемінен  екі есе көп қан соратындықтан 6-7 миллиметрге дейін үлкейе алады. Қандаланың 40 мыңнан аса түрі бар.  Табиғат қандалалары да болады. Қандала тістемейтін, тұмсығымен шаншып-соратын жәндік. Үй қандаласы тек адамның қанымен қоректенеді. Қандалалар үшін өте қолайлы орта +20-30°C температура шамасында және оның айтарлықтай өзгеруі жәндіктердің өліміне әкелуі мүмкін. Алайда, тіршілікке байланысты, егер жағдайлар өміріне ыңғайсыз болса, олар өмірлік процестерін баяулатады. Олар бірнеше ай бойы тамақтанбастан өмір сүре алады.

Сондықтан адам бар жерде ғана жүреді. Кандала адам денесінің ашық жерлеріне жабысады. Әсіресе, түн ортасында белсенді болады. Аш болса, күндіз де «жорыққа» шығуы мүмкін. Үй қандаласы «төсек қандаласы», «диван қандаласы», «киім қандаласы» мен «ағаш қандаласы» болып бөлінеді.  Қандалаға тек адам керек. Оған ең жайлы орта – жылы уй. Қандала ағаш жиһазы бар, температурасы бірқалыпты, қорегі табылатын үйде көбейеді. Бұл жәндік диванның тігісінде, адамның киімінде жиі кездеседі. Бір үйден екінші үйге көбіне киімге жабысып барады. Қоғамдық көлік сияқты адам көп шоғырланатын жерлерде де тарауы мүмкін. Пәтер ауыстырарда жаңадан сатып алынған жиһаз, көрпе, төсек пен басқа да жұмсақ заттар арқылы тарайды. Өмір сүруіне жайлы пәтер болса, қыс пен жазға қарамай белсенді болады. Кандала ұясын диванға, төсекке, еденкемер (плинтус) мен төсеніштердің астына салады. Денесі жалпақтау болған соң кілемнің астында оңай қозғалады. Кей адам үйінде ұшатын жәндікті көріп, біздің үйде қандала жүр деп қоңырау шалады. Қандаланың қанаты жоқ, ол ұшпайды.

Қандаланы жою жолдары: Қандаланы жою үшін әуелі олардың көп шоғырланған жерін анықтап алу қажет. Үйдегі жиҺаздың қуыс-қуыстарын, кабырғаны, еденге төселген линолеумнің тігістері мен шет-шетін, плинтустарды тағы басқа жерлерді мұқият қарап шығу керек. Жалпы, құтылу үшін кешенді күрес шараларын жасау қажет. Бұл жұмыспен кәсіби мамандардың айналысқаны дұрыс. Өйткені, міндетті түрде дезинсекцияны да дұрыс жүргізу керек. Егер дұрыс жүргізілмесе, қандалалар орын ауыстырып, перделердің астына, сол сияқты басқа да қуыстарға орын ауыстыруы мүмкін. Күрес жүргізудің әртүрлі тәсілдері бар. Егер белгілі бір пәтерден қандаланың бар екені расталса, онда күрес жүргізілмегенше, сол бөлмедегі заттарды сыртқа шығармай, киім-кешектерді 60 градус ыстықта жуу керек. Ал жиһаз, еден сияқты жууға келмейтін заттарға дезинсекция үшін адамға қаупі төмен, Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға рұқсат етілген, 3-4-қаупті класс инсектицидтері қолданылады. Дезинсекциялау шараларын жүргізуді қандаламен күресте тәжіребесі мол, арнайы оқытылған мамандар  жүзеге асырғаны абзал. Дезинсекциялау жұмыстары қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге және нақты қолданылатын құралдар жөніндегі нұсқаулықтарға сәйкес жүргізіледі.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық эпидемиологиялық бақылау комитеті «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК «Батыс Қазақстан облысы бойынша дезинфекция орталығы» филиалы адам денсаулығына зиян келтіретін буынаяқтыларды (қандала, кенелер, масалар, жәндіктерді) жою немесе олардың санын барынша азайтуға бағытталған. Біздің мақсатымыз халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, адамның өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау. Мұның өзі ұйымдастырушылық, санитариялық-техникалық, санитариялық-гигиеналық және жою іс-шараларын қамтиды.

Облыс тұрғындарың кез келген жерден улы препараттарды сатып алмауға, мамандырылған мекемелердің қызметіне жүгінуіне шақырамыз. Адамның денсаулығына зиян тигізетін, қолайсыз жағдайлар туғызатын шыбын-шіркейлер мен жәндіктерден құтылуға біздің мамандар көмектеседі. Мекен-жайымыз: Орал қаласы, Құрманғазы көшесі, 81 үй. Байланыс телефондары: 510507, 504057.

Ж.А.ДАЙРАБАЕВА,
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің »
БҚО бойынша дезинфекция орталығы»  ШЖҚ РМК филиалының эпидемиолог көмекшісі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *