Жақында дүкен аралап жүріп жержаңғақ сатылып жатқан ортадан бір-ақ шыққанымды байқадым. Көптен бұл өнімді алмай кеткен соң ба, оған бір ерекше ықылас танытып қараппын. Дереу ғаламторды іске қосып, қай түрі пайдалы деп іздеп кеттім.
Дақылдың қай түрі болмасын адам ағзасы үшін пайдалы. Осы жайында оқыған жазбаларыммен бөлісе кетейін. Мысалы, орман жаңғағы (фундук) — ми қызметін өте жоғарылата алатын қасиетке ие екен. Фундуктың калориясы нан мен сүт өнімдерінен бірнеше есе жоғары, ал тойымдылығы бір шокаладтан асып түседі деседі. Әсіресе, қант диабетіне шалдыққан жандар үшін орман жаңғағын жеу өте пайдалы.
Бадам жаңғағы (миндаль) — жүрек ауруының алдын алуға себепші. Соған қоса қанды тазартып, бүйрек жұмысының дұрыс қызмет атқаруына пайдасы тиетін де жаңғақтың осы түрі.
Сирек кездесетін жаңғақ түрі — кешью. Майлылығы аз деңгейдегі жаңғақтың бұл түрі тіс ауырғанда таптырмас ем. Ең бастысы қаназдықты жойып, имунитетті көтеруге ерекше үлесі бар.
Үнемі қолданылатын фисташкидің (пісте) құрамында темір элементінің мөлшері мол екенін айта кеткен жөн. Көздің көруін жоғарылатып қана қоймай, оны сақтауға да септігін тигізеді.
Грек жаңғағының ағза үшін әсері мол. Ұзақ жыл өсуіне байланысты Кавказ халқы оны қасиетті деп есептейді екен. Жүйке жүйесіне, жүрек пен асқазан, ішек жолдары ауруларына төтеп бере алатын қасиетке ие. Бірақ мөлшерден тыс қолдану зиян. Күніне төрт-бес данасын жесеңіз жеткілікті.
Ағзаға пайдалы өнімді тұтыну — өз денсаулығыңыз үшін қажет. Жаңғақтың ағзаға қаншалықты мөлшерде қажет екенін есте сақтайық, жас дос!
bilimdiler.kz