«Уральскагрореммаш» АҚ 1955 жылы құрылған және міне, 60 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан мен таяу шетел нарығын қажетті арнайы техникамен, резервуарларды толтыру жабдықтарымен қамтамасыз етіп келеді.
Бүгінгі таңда «Уральскагрореммаш» АҚ өз тұтынушыларына өнімдер мен қызметтердің кең спектрін ұсынады. Зауыттың ассортиментіне автоцистерналар, автоцистерналарды толтыру жабдықтары, өртке қарсы және коммуналдық жабдықтар (суару машиналары, тұрмыстық қалдықтарды тазалауға арналған машиналар), құрама ғимараттарға арналған металл конструкциялар, қатты қалдықтарға арналған еуроконтейнерлер және қоршаулардың әртүрлі түрлері бар. Зауыт 2000 жылдан бері шығарылып келе жатқан ЗИЛ, КАМАЗ, УРАЛ, IVECO көліктерінің негізіндегі өрт сөндіру автоцистерналарын шығару арқасында кең танымалдыққа ие болды.
Өнімнің негізгі сатып алушылары мен тұтынушылары ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ТЖМ, коммуналдық және басқа да мемлекеттік құрылымдар, ұлттық компаниялар, сондай-ақ мұнай-газ және құрылыс секторы болып табылады.
Өндіріс қуаттылығын арттыру мақсатында – құрал-жабдықтар мен шикізатты алу үшін компания «Сбербанк» АҚ ЕБ арқылы қаржыландырылды, сонымен қатар «Даму» Қорының «Қарапайым заттар экономикасы» және «Бизнестің жол картасы — 2025» бағдарламалары шеңберінде пайыздық мөлшерлемені субсидиялау қолдау құралымен пайдаланып, кәсіпкер несие бойынша 6% өтейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
«Уральскагроремаш» АҚ өндірістік қызметінің стратегиялық мақсаты тұтынушылардың талаптары мен үміттеріне толық жауап беретін кепілді және тұрақты сападағы бәсекеге қабілетті өнім шығару болып табылады.