Кеше «AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық партия филиалы жанындағы Әлеуметтік мәселелер жөніндегі қоғамдық кеңесі отырысы өтті. Отырыс барысында жеке оңалту бағдарламасының түйткілді тұстары, медициналық-әлеуметтік сараптаманың ресімдеу процестерін жеңілдету мақсатында жасалған сырттай ресімдеу жүйесінің жетілмеуі, мемлекеттік органдар арасында ведомствоаралық байланыс жоқтығы жөнінде, қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарын бекіту және кеңестің жаңа құрамын бекіту туралы мәселелер көтерілді.
Жиын ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің БҚО бойынша департаменті, БҚО жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, БҚО денсаулық сақтау басқармасы, БҚО білім басқармасы, Орал қаласы әкімдігінің өкілдері қатысуымен болды.
«Ағымдағы жылдың басында Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы елді саяси реформалауға бағытталғаны баршамызға белгілі. Партия съезінде ел Президенті оны жаңғыртуға бағытталған бірқатар міндеттер қойды. Бұл өзгерістер республикалық деңгейден бастап аумақтық деңгейге дейінгі барлық құрылымдарға әсер етті. Өңірлік қоғамдық кеңестердің құрылымы да елеулі өзгерістерге ұшырады. Екі қоғамдық кеңесті біріктіру нәтижесінде – отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша және халықтың әлеуметтік осал топтары мәселелері бойынша әлеуметтік мәселелер жөніндегі өңірлік Қоғамдық кеңеске ірілендірілді және күшейтілді. Жыл басынан бері біз бұрынғы Кеңес құрамында жұмыс істей бастадық. Бірқатар қалалық мектептерге мониторинг жүргізіп, нашар еститін балаларға арналған мектептің жағдайымен танысып, Теректі ауданында көшпелі отырыс өткізіп, Қаратөбе ауданының басшылығымен отбасы, әйелдер мен балалар мәселелерін онлайн режимінде талқылап, Парламент Мәжілісіне отбасылық-тұрмыстық қатынастарға қатысты нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсынымдармен 6 хат жолдап, Материалдық-техникалық базаны жақсарту, аула клубтары жұмысының тиімділігін арттыру және мектептердің басшы құрамын міндетті түрде ротациялау бойынша ұсыныстар енгіздік. Өткен жылы өте тиімді жұмыстар атқардық. Ендігі кезекте кеңес төрайымы ретінде баршаңызды жаңа кеңестің құрамымен және жұмыс жоспарымен таныстыратын боламын, – деп жиынға Ляна Тұрсынова жетекшілік жасады.
Отырыстағы басты мәселенің бірі – Кеңес құрамы мен жұмыс жоспарын бекіту, сондай-ақ Қазақ соқырлар қоғамының облыстық филиалының төрағасы Қыдырбеков Мұрат Жақсығалиұлының өтінішін қарау.
Медициналық-әлеуметтік диагностикадағы проблемалық сәттерді белгілеу және осы бағытта мүгедек адамдарға қызмет алу үшін Қазақ соқырлар қоғамының облыстық филиалының төрағасы Қыдырбеков Мұрат Жақсығалиұлына сөз берілді. Мүгедектерді жұмыспен қамтумен бірге бірқатар мәселелерін көтерді.
Жоғарыда аталған мәселелер бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ардақ Мұқанова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Ділдаш Ысқақова, облыстық денсаулық сақтау басқармасының медициналық көмек көрсету бөлімінің басшысы Айгүл Құлбарақова жауап берді.
Бірінші мәселені талқылау қорытындылары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар отырыс хаттамасында баяндалып, орындау үшін жергілікті атқарушы органдарға жіберілетін болады. Сондай-ақ, кеңес мүшелерінің жаңа құрамы мен жұмыс жоспары бірауыздан бекітілді.
Айта кету керек, мұндай диалог алаңы тұрақты деңгейде өтеді, өйткені пікірталас бір-бірін тыңдауға және жақсы қарым-қатынас жасауға және дұрыс шешімдер табуға оң септігін тигізеді.
«AMANAT» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы баспасөз қызметі