«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтарға ыңғайлы сервистердің санын арттыру бағытында тұрақты түрде жұмыстанып отырады. Енді басқа қызмет көрсету терезелеріне кезекке тұрудың немесе «делдардардан» сақтандыру полисін рәсімдеудің қажеті жоқ. Өткен жылы енгізілген сервистің нәтижесінде көлік иелері оператордың қасында отырып-ақ, 5 минуттың ішінде сақтандыру полисін рәсімдей алады.
«Пилоттық жоба ретінде енгізілген бұл сервис Орал қалалық мамандандырылған бөлімінде сәтті жүзеге асуда. Клиенттерге көлікті қайта тіркегеннен кейін ақпараттық жүйелері бір-бірімен ықпалдастырылған сақтандыру ұйымын таңдау ұсынылады. Бүгінде бір сақтандыру компаниясымен келісім жүзеге асырылған. Пилоттық жоба сәтті жүзеге асса, өзге сақтандыру компаниялары да тартылатын болады», — дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.
Айта кетелік, сату-сатып алу кезінде автокөлікті қайта тіркеуді eGov.kz порталы, kaspi және homebank мобильді қосымшалары арқылы онлайн түрде оңай жүзеге асыруға болады.
«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясының
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі