«Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы Саяси кеңесінің отырысы аясында партияның ХХІ съезіне 20 делегат сайланды.
Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты отырыс онлайн-форматта өтті.
Онлайн-отырысқа облыс әкімі, «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының төрағасы Ғали Есқалиев, партия төрағасының бірінші орынбасары Мұрат Мұқаев, облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева, Орал қаласының әкімі, партияның қалалық филиалының төрағасы Абат Шыныбеков, Қазақстандық ақпараттық технологиялар және басқару институтының ғылыми-білім беру кешенінің құрылтайшысы Ақсерік Әйтімов, «Jas Otan» Жастар қанатының Батыс Қазақстан филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев және Саяси Кеңестің басқа да мүшелері қатысты.
Саяси кеңес мүшелері 28 қаңтарда онлайн форматта өтетін «Nur Otan» партиясының кезектен тыс ХХІ съезіне делегаттар сайлау туралы мәселе қаралды. Дауыс беру қорытындысы бойынша съезге қатысатын делегаттардың тізімі бекітілді. Делегаттар құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, партия белсенділері мен жауапты қызметкерлер енді.
Партияның кезектен тыс ХХІ съезіне делегаттар сайланатын аталмыш отырыстар Қазақстанның барлық өңірлерінде өтеді.
«Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалдың баспасөз қызметі