Құрметті қала тұрғындары!
Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі күрделі жағдайға байланысты төтенше жағдай жариялаған болатын. Қазіргі таңда Конституцияға сәйкес заңдылық пен тәртіпті орнату мақсатында ауқымды жұмыс жүргізілуде.
Осындай сындарлы сағатта Президенттің елді тұрақтандыру жөнінде Үндеуін қолдап, бірлігімізді танытайық. Қалыптасқан жағдайға сары алтындай сабырды көңілге демеу етіп, түсіністікпен қарауыңызды, төтенше жағдай тәртібі мен талаптарын сақтауға шақырамын. Қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтірмей, арандатушы топтарға ермеуіңізді сұраймын.
Қазіргі таңда қалада коммуналдық қызметтер, қоғамдық көліктер, сауда орталықтары, базарлар, екінші деңгейлі банктердің банкоматтары штаттық режимде жұмыс жасауда. Орал қаласы әкімдігінде бірыңғай call—орталық құрылды. Кез-келген туындаған мәселелер бойынша 8 (7112) 50 30 53 немесе 8 (7112) 50 02 55 байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.
Біз кез-келген қиындықты бірлікпен, тәртіппен, бір-бірімізді қолдаумен еңсереміз!
————————
Уважаемые жители города!
Как известно, Глава государства Касым-Жомарт Токаев объявил чрезвычайное положение в связи со сложной ситуацией в стране. В настоящее время проводится большая работа по установлению законности и порядка в соответствии с Конституцией.
В такой сложный момент необходимо поддержать призыв Президента по стабилизации страны и проявить единство. Призываю вас сохранять спокойствие и относится ко всему с пониманием. Соблюдайте все нормы чрезвычайного положения. Прошу вас не поддаваться на провокации и не препятствовать наведению порядка.
В настоящее время в городе в штатном режиме работают коммунальные службы, общественный транспорт, торговые центры, рынки, банкоматы банков второго уровня.
В акимате города Уральска создан единый call—центр. По любым возникшим вопросам можно обращаться по контактным номерам 8 (7112) 50 30 53 или 8 (7112) 50 02 55.
Только единством, дисциплиной и взаимоподдержкой сможем преодолеть эти трудности!