“Nur Otan” партиясы жанындағы “Отбасы, әйелдер және балалар құқықтарын қорғау” жөніндегі кеңес өтті.
“Nur Otan” партиясы жанындағы “Отбасы, әйелдер және балалар құқықтарын қорғау” жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысы оздырылды. Партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша отырыс барысында, Батыс Қазақстан облысының жол картасының 78-тармағы тілге тиек болды.
Аталмыш тармақта мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында облыста табысы аз және көпбалалы отбасыларға әлеуметтік қолдау көрсету, сондай-ақ өмір сүру сапасын арттыру, азаматтардың өмірлік қиын жағдайдан шығуға жәрдемдесу үшін 2020 жылдың 23 маусымында “Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығы” ҚММ жанында “Отбасы” орталығының ашылғандығы жөнінде айтылды.
Жыл басынан бері орталыққа 960 адам кеңес алу үшін жолыққан болатын.
Сонымен қатар, кеңес отырысында мектеп жанындағы интернаттардың жағдайлары талқыға салынды. Жалпы республикалық кеңес мүшелерінің батыс өңірлердегі сапары осы бағыттарда болып, интернаттардың жәй-күйі тексерілген болатын. Жиын соңында бірқатар ұсыныстар мен нұсқаулықтар беріліп, хаттама толтырылды.