Орал қаласының білім беру бөліміне қарасты «Оқушылар сарайында» қыркүйек айының ортасынан бастап «Жас көшбасшы» үйірмесі жұмыс жасауда.
Алғашқыда топтар онлайн құрылып, жас көсбасшылар үлкен,орта және кіші топтарына жас ерекшеліктері бойынша бөлінген.
Өткен жылы дәріс алған оқушыларда осы қатардан табылып, жаңадан сабақ жоспары құрылды.Алғашқы күннен бастап оқушылармен командалық және жеке қабілетті дамытуға бағытталған тренингтер өткізілді.
Жоспарға сәйкес қазан айында оқушылардың өнерлерін шыңдау мақсатында қаладағы қарттар үйіне барып, түрлі бағытта балалар өнерлерін көрсетіп егде жастағы қарияларымызға тамаша көңіл-күй сыйлады. Іс-шараға ата-аналар бірге қатысыпғ демеушілік көрсетіп, балаларымен бірге дайындаған тәтті тағамдарын ұсынды.
Сонымен қатар мұнда оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруымен қоса, патриоттық құндылықты бойыларына сіңдіру мақсатында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесі қарсаңында «Желтоқсан оқиғасына» қатысқан Ақкүміс Қапсиқызымен кездесу өтті.
«Ол – 1986 жылғы «Желтоқсан көтерілісіне» қатысқан қазақ қызы. 1961 жылы 22 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Фурманов ауданы, Талдыапан ауылында дүниеге келген батыр жерлесімізбен тағылымы мол танымды тәрбиелік мәні зор шара ұйымдастырылды.
Үйірме жетекшілері үнемі оқушылардың ата-аналарымен жиі қарым-қатынаста болғандықтан арнайы жиналыс жасап, үйірменің мақсат-міндеттерімен ерекшеліктері айтылып, алдағы уақытта оқушылармен жасалатын сабақ жоспарлары талқыланып отырады. Жиналыс соңында балалармен ата-аналарға тренингтер өткізілді.
Тек қана үйірме қатысушы оқушылармен шектеліп қана қоймай, қалалық деңгейдегі іс-шараларға белсенді қатысып келеді. Айтып өтсек, қалалық сенбілік жұмыстары, ағаш отырғызу, сенбіліктерге, күзгі балдарға белсенді қатысып келеді. Нәтижесінде Ағыбай Алина жүлделі 1 орынға иеленген болатын.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесін кеңінен атап өту мақсатында алдағы тоқсанда жастар мен оқушылар арасында облыстық айтысын өткізу жоспарлануда.
Сондай-ақ, оқушылардың бойындағы көшбасшылық қасиеттерін одан әрі дамыту мақсатында «Бринринг» интелектуалды ойыны ұйымдастырлып, өлкеміздің тарихи жерлерін кеңінен насихаттау төңірегінде «Фотоквест» шаралары өтеді деп күтілуде.
Өз тілшіміз