Оралда IV Uralsk Green Forum-2021 шарасы өтеді

26 қазан күні Орал қаласында IV Uralsk Green Forum 2021: «Қалдықтарды басқару Батыс Қазақстан облысы тұрақты дамуындағы маңызды фактор» шарасы өтеді.

Аталған шараны 2017 жылдан бастап «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг Б.В» Батыс Қазақстан облысының Әкімдігімен бірлесіп жыл сайын ұйымдастырып келеді.

Экологиялық форум БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарына сәйкес өңірдің тұрақты өркендеуі үшін тиімді коммуникациялық және іскерлік алаң жасауды көздейді.

Мақсаты:
• экологиялық заңнамадағы қалдықтарды басқаруға байланысты жаңа принциптерді түсіндіру;
• қалдықтарды өңдеудегі жаңа технологиялар, әдістер бойынша тәжірибе алмасу;
• Батыс Қазақстан облысында қайта өңдеу деңгейін көтеріп, «жасыл» бизнестің дамуына жол ашу және қалдықтардың жиналуын азайту;
• қоқысты сұрыптау мәселелері жөнінде халықты ақпараттандыру деңгейін көтеру.

Форумға облыстық әкімдік, ҚР Экология геология және табиғи ресурстар министрлігі өкілдері, ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары, табиғат пайдаланушы мемлекеттік және жекеменшік компаниялар, КПО бас компаниялары, қалдықты қайта өңдеу зауыттары, экологиялық ассоциациялар өкілдері, қалдықтарды басқару, жасыл технологиялар саласындағы сарапшылар, өңірлік білім беру мекемелері, республикалық және жергілікті БАҚ қатысады.

Іс-шара аясында «Орал сауда-өнеркәсіп компаниясы» ЖШС өндірістік базасында Батыс Қазақстан облысы бойынша қалдықтарды қайта өңдеуші компаниялар көрмесі өтеді деп жоспарлануда.

Карантиндік шектеулерге байланысты форум гибридтік форматта өткізіледі. Іс-шараға қатысу үшін 25 қазанға дейін www.ugf.kz cайты арқылы тіркелу қажет.

Өткізілетін орны: Орал қ., Салтанат Сарайы, Астана-1 шағын ауданы.
Ұйымдастыру сұрақтары бойынша +7 777 355 74 26 нөміріне хабарласуға болады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *