Қазан айы – қамқорлық айы


Осы ұранды ұстанған «Азаматтарға арналған үкіметтің» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының HR және сапа менеджменті жүйесі басқармасының ұжымы қалалық «Жұмыспен қамту бөлімінен» Орал қаласының тұрғыны, жалғызбасты қария Райса Сулейменованы өз қамқорлығына алуды жөн көрді.
Аталмыш басқарма ұжымы сексеннің жетеуіне келген кейуана Райса Насырқызының үйіне барып, өмірлік тәжірибесі мен тәлім тәрбиеге толы әңгімесін тыңдап, үй тірлігіне қолғабыс етіп келді.


«Еліміздің дамуына елеулі еңбегін сіңірген қарияларымызды құрмет тұтып, сыйлап, ақ батасын алып жүру — біз үшін үлкен мәртебе. Олар бүгінгі тәуелсіз елімізге аянбай еңбек еткен жандар. Бір реттік акция емес, үнемі қамқорлығымызда болуы үшін осы қарияға ай сайын барып тұруды жөн санадық. Филиал ішіндегі бөлімдер арасында челлендж түрінде кезекпен барып, халін сұрасып, қолдан келгенше көмектесіп тұратын боламыз» дейді «Азаматтарға арналған үкіметтің» Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Надир Құрымбаев.


«Азаматтарға арналған үкімет» БҚО филиалы қызметкерлері қайырымдылық шараларын үнемі ұйымдастырып тұрады. Бұған дейін тұрмыс деңгейі төмен отбасыларға да азық-түлік тарату акцияларын бірнеше мәрте жасаған болатын.


«Азаматтарға арналған үкімет»
мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ
Батыс Қазақстан облысы бойынша
филиалының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *