О
«Жасыңда жалықпасаң – қартайғанда тарықпайсың»–деген халық сөзі қашанда көпті көрген, аянбай жасынан еңбек еткен қарияларға қарата айтылған секілді. Ел ішінде абыройға кенелген қарттарымызды құрметтеу арқылы болашағымызды бағдарлай аламыз.
Осы орайда биылғы жылғы қарттар күні аясында Орал шаһарында 5517 әскери бөлімнің әскери қызметшілері, бөлімнің әйелдер кеңесімен бірге 13 ардақты Отан соғысының ардагерлері мен әскери зейнеткерлердің шаңырақтарына арнайы барып, оларды «Қарттар күні» мерекесімен құттықтады.
—Бүгінгі жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеу мен белсенді өмір ұстанымын қалыптастыруда да ардагер ата-апаларымыздың өмірі мен еңбек жолдары біздерге үлгі. Қарттар күні мерекесі құтты болсын! Қарттары бар ел — бақытты ел, байыпты ел.Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарияларымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!, — деді 5517 әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтіқ-құқықтық жөніндегі орынбасары подполковник Жәнібек Сарсенов.
Кездесу барысында ардагерлер өз еңбек жолы туралы әңгімелеп, Ұлттық ұлан жауынгерлеріне алғыс білдірді.
-Бізді ұландықтар ұмытпайды, әрдайым мерекелерде келіп, құттықтап турады, мүмкіндігінше көмектеседі.Сый-құрметтері үшін алғысым шексіз,-деді Ұлы Отан соғыс ардагері,Скаленко Вениамин Пантелеевич.
Айта кетейік, мұндай қайырымдылық іс-шаралары Қазақстан Республикасының Ұлттық Ұлан «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының барлық әскери бөлімдерінде ұйымдастырылды
Дана қазақ халқы ежелден қарияларды ерекше сыйлаған. Қарияларға қамқор болу -барлық қоғамның және әрбiрiмiздiң мiндетiмiз, өйткенi жасы ұлғайған адамдар — мемлекетiмiздiң алтын қоры, дәстүрлердiң сақтаушысы, патриоттылықтың, iске деген адалдықтың, ұлы шыдамдылық пен сенiмдiлiктiң жарқын үлгiсi.
Подполковник Ерболат Сұлтанов, Орал.