ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Білім беру ұйымдарында оқушылар мен педагогтардың қауіпсіздігі шараларын сақтауды ескеріп, жаңа оқу жылында оқытудың күндізгі форматын қамтамасыз ету бойынша  жұмыстар атқарылуда.

1 қыркүйекте дәстүрлі форматта білім беру ұйымдарын ашу үшін
келесі санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау ұсынылады:
-күнделікті санитарлық-залалсыздандыру шараларын жүргізу;

-дезинфекциялау;

-термометрия;

— бір сыныпқа бір кабинет қағидасы;

-үзілістерді әртүрлі уақытта;

-мектеп педагогтері мен техникалық қызметкерлерді вакцинациялау;

-қосымша ауысымдар мен кіші ауысымдарды ұйымдастыру;

-ауқымды іс-шараларды өткізбеу;

-асханалар жұмысын кесте бойынша ұйымдастыру.

       Ата-аналармен және білім алушылармен жеке гигиена мен санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуге ерекше назар аудару керек.

       Профилактикалық екпелер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, қызметкерлер арасында санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту қажет.

        Мектепке кіреберісте мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерге,
балаларды мектепке жеткізетін ата-аналарға «Ashyq» қосымшасын қолдану, білім беру ұйымдарын жеке қорғаныс және залалсыздандыру құралдарымен толық қамтамасыз ету ұсынылады.

Қауіпті аурулар тобындағы балалар,  ата-аналары COVID-19-бен ауырған балалар және науқаспен байланыста болған балалар қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

            2021-2022 оқу жылында білім беруді ұйымдастыруда келесі міндеттерге назар аударылады:

— білім алушылардың білімін толықтыру;

 -қауіпсіз және қолайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету;

-цифрлық инфрақұрылыммен және ресурстармен жабдықтау.

2021-2022 оқу жылының басталуы, ұзақтығы, каникул кезеңі орта білім беру ұйымдарында меншік нысаны мен ведомостволық бағыныстылығына қарамастан «Орта білім беру ұйымдарында 2020-2021 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және каникул кезеңдерін айқындау туралы» ҚР БҒМ 2021 жылғы 27 шілдедегі №368 бұйрығымен бекітілген.

         2-11 (12) сыныптарда сабақтың ұзақтығы – 45 минут.  Бірінші сыныптардың оқу сабақтарының режимі: қыркүйекте – күніне
35 минуттан үш сабақ, қазан айынан бастап 45 минуттан өткізіледі. 1-сыныпта білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүргізілмейді.

       2021-2022 оқу жылының басты міндеті – білім алушылардың өткен оқу
жылындағы білімін толықтыра отырып, жаңа оқу жылының бағдарламасын
жүзеге асыру.

       Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыруда «2020-2021 оқу жылында жазғы мектепті ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдар» қосымшасын басшылыққа алу қажет (ҚР БҒМ 2021 жылғы 26 мамырдағы №240 бұйрығы).

2021 жылғы 26 мамыр мен 19 маусым аралығында ұйымдастырылған Жазғы мектеп білім алушылардың білімдеріндегі олқылықтардың орнын толықтыруға бағытталды. Жыл сайын жазғы мектеп барлық білім алушылар үшін оқыту мерзімін 20 маусымға дейін ұзарта отырып жұмыс істейтін болады. 2021-2022 оқу жылында жазғы мектептегі сабақтың ұзақтығы 45 минутты құрайды.

«Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңын және «Кейбір заңнамалық
актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңын іске
асыру аясында орта білім беру ұйымдары педагогтерінің бір аптаға
нормативтік оқу жүктемесі 16 сағатқа дейін төмендетілді.

БҚО Білім басқармасының баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *