11-14 наурыз аралығында жас ерекшеліктері бойынша командалық және жекелей сында үстел теннисінен Батыс Қазақстан облысының чемпионаты өтті.
Жарысқа облыстан Орал қаласынан, бес аудан және үш ауыл мектебінен барлығы 90-ға жуық спортшы қатысты. Жекелей сында 2001-2003, 2004-2005, 2006-2007, 2008 жылғы және одан да жас спортшылар өнер көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте және жекелей сында оралдықтардың күші басым болды. Атап айтқанда, жекелей есепте С.Жұбанов, А.Сапарова, Д.Серікқалиева, Д.Мэлсов, А.Ілияс, Е,Серікбай, Г.Буланова, М.Ерболатов сынды спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді.