Жуырда Орал қалалық білім беру бөлімінің және Желаев селолық мектептен тыс жұмыс орталығының ұйымдастыруымен қолөнершілер көрмесі өтті.
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» мақалаларында берілген тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатындағы шара Ұлыстың ұлы күнімен орайластырылды. Көрменің ашылу салтанатына Желаев селолық әкімдігінің бас маманы Ләззат Жұмаш қатысты. Оған қаладағы 16 мектептен 57 оқушы атсалысып, олардың жұмыстарын арнайы тағайындалған комиссия құрамы саралады.
Тағылымды көрмені «Арухан» би ансамблі «Сылдырмақ» биімен көркемдесе, Шұғыла Жеңісқызы жиналғандарға «Елге сәлем» әнін жолдады. Келген қонақтар наурыз көжеден дәм татты. Ережебойынша көрмеге ұсынылған жұмыстардың ішінде үздіктері анықталды. Олардың авторлары қалалық білім беру бөлімінің дипломдарымен және Желаев селолық мектептен тыс жұмыс орталығының алғыс хаттарымен марапатталды.
Арайлым ЕЛЕМИСОВА,
әдіскер