Алты күннің ішінде жолда жүру ережесін бұзған 1473 дерек тіркелді

2021 жылдың 25-30 наурыз күндері Орал қалалық полиция басқармасы   «Қауіпсіз жол» атты жедел алдын-алу шарасын өткізді.

Шарада  ППБ  инспекторлары Орал қаласының «Қазақстан» кинотеатры ауданындағы көлік ағыны толастамайтын, көп сыйымдылықты көліктер қозғалысы орын алатын қала көшелерінде,   рейдтер жүргізді. Рейд кезінде  жол жүру ережесін бұзған  жүргізушілер тоқтатылды. Темір тұлпар иелеріне  әуелі түсінік жұмыстары жүргізіліп, автокөлік иелерінің ережені бұзғаны анықталды. Оларға белгіленген мөлшерде айыппұл салынды.

    Апаттылықтың жай-күйін талдауды есепке ала отырып осы күнгі рейдке шыққан жол инспекторлары жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзғандарды анықтап, көлікті мас күйде басқарған 16 тұлғаға,  қозғалыстың белгіленген  жылдамдығын арттырған 312  тұлғаға қатысты хаттама толтырылды. Жол үстінде қауіпсіздік белдіктерін тақпаған 119 жүргізуші анықталды. Ұялы телефонмен сөйлесуді бақылау күшейту нәтижесінде 56 жүргізушінің темір тұлпар тізгінінде келе жатып, телефонмен сөйлескені анықталды. Сонымен қатар,  сақшылардың назарына  басып озып кеткен, қарсы бағытта жүрген жүргізушілерде ілікті. Рейд кезінде жаяу жүргіншілер өтпесінен өтпей, кез-келген жерден жолды кесіп өтпек болған, апат тудыруға себепкер болған 162  жаяу жүргінші жол ережесін бұзған.  Мемлекеттік техникалық байқаудан өтпегендерге көлік құралын басқаруы үшін қайтадан тексерістерден өтуі түсіндірілді. Алты күндік рейд барысында  жол патрульдік жасақтарының жолдардағы тығыздығы арттырылды.

    Жол қауіпсіздігі ережелерін  бұзушылықтарды және басқа да құқық бұзушылықты анықтау мен жолын кесу бойынша учаскелік полиция инспекторлары мен полицияның басқа да қызметкерлерін тарта отырып, қалаға жақын орналасқан  «Круглоозерное», «Серебряков», «Деркөл», «Коминтерн», «Желаев» селолық округі жолдарында рейдтік іс-шаралар жүрді. Көлік инспекциясы өкілдері мен жергілікті атқарушы органдар  бірлесіп, такси жүргізушілері тарапынан орын алатын жол қозғалысы ережелерін   анықтау үшінтексерістер ұйымдастырды.

Алты күннің ішінде жолда жүру ережесін бұзуға қатысты 1473 факті орын алды.

 Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *