Жастар жылына орай «Жас динамо» жеке-командалық біріншілігін өткізу мақсатында Орал қаласында 6 ақпан күні конькиден жарыс ұйымдастырылды.
Қаладағы жалы білім беретін орта мектептің оқушыларынан жасақталған 14-15 жас аралығындағы оқушылар мұз айдында сырғанап, сырғанау өнері мен шапшаңдықтарын ортаға салды. Республикалық «Қамқор» акциясы аясындағы «Жастар» стадионындағы жарысқа №1, №10, №29, №33, №43, №47, №49 және Серебряков ауылындағы орта мектеп оқушылары қатысты. Ұлдар 600 метр қашықтыққа, қыздар 300 метр қашықтыққа конькимен жарысты. Соңынан 300 метрге конькимен жарысып келіп, эстафетаны келесі дайын тұрған жас спортшыға жолдады.
Жарыс соңында №33 орта мектептің оқушысы Әли Ануар 1 орынды, 2 орынды №47 орта мектептің оқушысы жеңіп алды. 3 орынға Серебряково орта мектебінің оқушысы Роман Антипов ие болды. 300 метрге конькимен жарысудан 1 орынды №10 орта мектептің оқушысы Лилия Хусайнова, 2 орынды №43 орта мектептің оқушысы Дильназ Кусайнова, 3 орынды №33 орта мектептің оқушысы Зарина Бозова иемденді. Жарыстың «Эстафета тапсыру» атты сынында мұз айдында жарысып ептілігімен танылған №33 орта мектептің командасы 1 орынмен жеңіс туын желбіретті. 2 орын №43 орта мектептің командасына, 3 орын №47 орта мектептің командасына тапсырылды.
Мектебінің намысын қорғаған оқушылардың баршасына «Динамо» облыстық дене шынықтыру және спорт қоғамы атынан естелік сыйлықтар мен алғыс хаттар, кубоктар тапсырылды.
Гүламан Исмагулова,Орал қаласы полиция басқармасының баспасөз қызметкері