АУЫЛ МЕКТЕПТЕРІНЕ АРНАЛҒАН «МЫҢ БАЛА» ҰЛТТЫҚ ОЛИМПИАДАСЫНА ӨТІНІШ ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ


Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының «Ел үміті» бастамасын іске асыру шеңберінде Нұрсұлтан Назарбаев Қоры, «Елбасы академиясы» корпоративтік қоры және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік республикалық олимпиадасын өткізуде. 

Олимпиаданың мақсаты – Қазақстан Республикасының ауылдық жерлердегі мектептердің қабілетті оқушыларын дамыту және қолдау үшін жағдай жасау.

«Мың бала» ауыл мектептеріне арналған Ұлттық зияткерлік республикалық олимпиадасына қатысу үшін Қазақстан Республикасының ауыл мектептерінде соңғы екі оқу жылында білім алып жатқан 5 және 6 сынып оқушылары шақырылады. Сондай-ақ, бұрын Олимпиадаға қатысқан ауыл мектептерінің 6-сынып оқушылары олимпиадаға қатысуға қайта өтініш беруге құқылы.

Олимпиадаға қатысу үшін сайтта қатысушының тіркелу формасын https://1000bala.elbasyacademy.kz сайтында толтыру қажет. Өтініш  24 ақпан-24 наурыз аралығы қабылданады. 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *