БҚО-да 2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы брифинг өтті


2021 жылғы 18 ақпанда Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаментінің дағдарыс орталығында «2020-2021 жылдардағы жылу беру маусымында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету» тақырыбында брифинг өтті.

Спикер болып Батыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар Департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы азаматтық қорғау майоры  Мереке Бауыржанұлы Жұмағалиев және мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығының орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі Бейбіт Ерболатұлы Калимулдин сөз сөйледі.

Спикерлердің айтуы бойынша, жылдың әр кезеңінде, әр өңірде, түрлі себептермен, тұрғын үйлерде өрт оқиғалары орын алады.

Батыс Қазақстан облысының аумағында 2020-2021 жылдардағы жылыту маусымының басынан бастап өрт жағдайы мынадай негізгі көрсеткіштермен сипатталды:

— 163 өрт тіркелді, бұл 2020 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11% — ға аз (183 өрт);

— өрттен келтірілген материалдық шығын 560 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 39% — ға төмен (2020 жылы – 919,5 мың теңге);

— өрт салдарынан 6 адам қаза тапты, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 39% – ға төмен (2020 жылы — 9 адам);

— 7 адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды (2020 жылы — 7 адам);

Облыс орталығында 58 өрт болды, ауылдық елді мекендерде 105 өрт тіркелді.

Жылыту маусымының басынан облыстың өртке қарсы қызмет бөлімшелерімен өрттен 7 адам құтқарылды, оның ішінде 3 бала, сондай-ақ 9 млн. 355 мың теңге сомасындағы материалдық құндылықтар құтқарылды.

Халықтың тұрмыстағы өрт қауіпсіздігінің қарапайым талаптарын сақтамауы, тұрғын үй секторында өрттердің туындауының негізгі себептерінің бірі болып табылады, яғни 136 жағдайда өрттердің себебі отты абайсыз пайдалану, балалардың тентектігі және өрттің басқа да себептері болып табылады, бұл 83,4% — ды құрайды және 27 жағдайда электр жабдығын монтаждау және техникалық пайдалану қағидаларын бұзу, тиісінше 16,5%-ды құрайды.

Бүгінгі таңда пәтерлер мен тұрғын үйлердегі өрттерде әртүрлі жанғыш заттармен, синтетикалық материалдармен және әртүрлі тұрмыстық техникаға байланысты жағдай күрделенуде.

Жоғарыда айтылғандар тұрғын үйлердегі өрттердің пайда болу қаупін арттырып қана қоймайды, сонымен қатар, синтетикалық материалдар жанған кезде улы газдардың бөлінуіне байланысты адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін өрт қаупі өте жоғары екенін дәлелдейді.

Тұрғын үй секторында мемлекеттік өрт бақылауы жүзеге асырылмайтынын атап өту қажет.

Азаматтар өрт қауіпсіздігіне өздері жеке сақтану және біздің ұсыныстарымызды қолдану арқылы ғана қол жеткізеді.

Тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі ТЖ комиссия отырысында қаралады, өйткені республика аумағында өрт салдарынан тұрғын үй секторында төтенше жағдайлар орын алады, олардың кейбіреулері қоғамда резонанстық сипатқа ие болады.

Тұрмыстық өрттерді азайту тәсілдерінің бірі қоғамда үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен жүргізу, халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру, дұрыс мінез-құлыққа үйрету және өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтау болып табылады.

Жылу беру маусымында тұрғын үй секторында өрт қауіпсіздігі бойынша кең ауқымды алдын алу жұмыстары жүргізілді, оның шеңберінде халықтың аз қамтылған және әлеуметтік осал топтарының үйлеріне барып комиссиялық тексеру жүргізілді, Полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп, тұрмыстық өрттерді болдырмау мақсатында белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдардың мекендеу орындары бойынша және тұрғын үй секторында рейдтер жүргізілді.

Департамент қызметкерлері өрт қауіпсіздігі шаралары бойынша үгіт материалдарын таратумен түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Профилактикалық жұмыс барысында Департаменттің жеке құрамынан 416 адам жұмылдырылды, 48726 азаматты қамти отырып 22046 аулаларды аралау жүргізілді, өрт қауіпсіздігі қағидаларының талаптарын сақтау бойынша 28560 ұсынымдар мен жадынамалар табыс етілді.

Сонымен қатар улы газ (көміртегі тотығы) датчиктерін орнату жұмыстарын аудандарының әкімдіктері кәсіпкерлердің қолдауымен көп балалы және аз қамтылған отбасылардың үйлерінде заманауи түтін датчиктері орнатылды, олар түтін анықталған кезде бес секунд ішінде 101 кезекші-диспетчерлік пультіне сигнал берумен бір мезгілде үй иелерінің мобильді нөмірлеріне смс-хабарламалар жібереді.

Тек өрт датчиктерін сатып алумен шектеле отырып, біз өрттің шығу көздерін жоймаймыз, бұл дегеніміз ескірген электр сымдары, жарамдылық мерзімі өткен жылыту жүйелері. Бұл ретте әлеуметтік тапсырыс нысанындағы жобалар мен гранттарды әзірлеуге және іске асыруға үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктерді тарту мәселесін пысықтау және электр немесе жылу жүйесі жөндеуді талап ететін тұрғын үйлерді жөндеу бойынша әкімдіктермен жұмыстар жүргізілуде.

Өрттің алдын алу бойынша профилактикалық іс-шараларды өткізудің дәстүрлі тәсілдерінен басқа, Департаментпен үгіт-насихат жүргізуде адамдарды барынша қамтудың креативті және жаңа әдістерін, өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша халықтың білім деңгейін арттыруды іздестіреді. Осылайша, Департаменттің аумақтық бөлімшелері тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде «Сіріңке – бір өмірдің құны» кең ауқымды акциясы ұйымдастырылып, өткізілді. Өткізілген іс-шаралар нәтижесінде өрт қауіпсіздігі саласында оқыту сипаты бар бейнероликтер түсірілді. Сондай-ақ, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған іс-шараларға үкіметтік емес ұйымдарды тарту бойынша жұмыс ұйымдастырылды.

Облыста волонтерлік ұйыммен бірлесіп, қоғамдастықтың игілігі үшін қоғамдық пайдалы қызметтің өмірлік маңызды дағдыларын дамыту, сондай-ақ жас ұрпақтың әлеуметтік міндеттерді шешуге өз үлесін қосу арқылы жастарды қоғамдастықтың өміріне тарту бойынша «07 live» жобасы іске асырылуда.  Осы жоба аясында «Қауіпсіз балалық шақ», «Қауіпсіз аймақ», «Қауіпсіз үй», «Абайлаңыз!!! Улы газ» тақырыбындағы профилактикалық және имидждік бейнероликтер әзірленді. Тұрғын үй секторындағы өрттерді болдырмау және азайту бойынша жұмыстар жалғасуда.

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *