Орал қаласының оқушылары ыстық тамақпен 100% қамтылуда


Санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, Орал қаласының 51 мектебінде кезекші сыныптарға ыстық тамақ беру ұйымдастырылуда. Асханалар ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 611 бұйрығының білім беру объектілеріне қойылатын санитарлық эпидемиологиялық талаптарына сәйкес жұмыс жасауда. Қазіргі таңда Орал қаласы бойынша 754 түрлі санаттағы отбасы балалары және 21492 бастауыш сыныптар ыстық тамақпен қамтылуда. Күні бүгін қаланың 31 мектебінде буфеттік тамақтандыру жүргізілуде.

Қазіргі таңда облыс бойынша 220 мектепте 1-4 сынып оқушылары мен әлеуметтік жағынан қорғалмаған отбасы балаларына ыстық тамақ беру ұйымдастырылуда.

 Ыстық тамақты ұйымдастыру кезінде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин кезеңінде білім беру ұйымдарында тамақтану объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар мен асхана орнының 30% толымдылығы қамтамасыз етіледі.

БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *