Биылғы жылы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай барлық білім беру мекемелерінде қоғамда бірлік пен келісімді, өскелең ұрпақтың патриоттық рухын қоғамдық санада Тәуелсіздік пен мемлекеттіліктің құндылықтарын нығайтуға, сондай-ақ қоғамды дамудың жаңа мақсаттарына қол жеткізуге жұмылдыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады. Бұл туралы БҚО білім басқармасының басқарма басшысы Айгүл Мыңбаева BQO BILIM News парақшасында өткен тікелей эфирде айтты.
Білім беру мекемелерінде ұстаздар, оқушылар арасында Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К.Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы кеңінен насихатталып, түсінік жұмыстары жүргізілуде.
Алаш қайраткерлерін еске алып, олардың мұрасын жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету бағытында оқушылар, студенттер арасында тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастырылатын болады.
Барлық білім беру мекемелерінде «Ұлы даланың ұлы есімдері» тақырыбында сыныптық сағаттары, «Ақылды ұрпақ» республикалық жобасы аясында еліміздің жас ғалымдарымен кездесулер, «Рәміздер-елімнің мақтанышы» тақырыбына дебат, сынып сағаттары,викториналар, «Тәуелсіз елдің ұрпағы» атты оқушылар арасында дебат турнирі, «Тәуелсіздік-қанатты үміт, орындалған арман» тақырыбында аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы, «Тәуелсіздік хронологиясы» ұлттық зияткерлік ойыны, «Балалар даму академиясы» іздестіру-зерттеу конференциясы және т.б. іс-шаралар жыл бойы ұйымдастырылады.
Білім басқармасының жоспарына сәйкес әлеуметтік желілерде Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуына және дамуына үлес қосқан тұлғалармен «Тәуелсіздік – теңдесі жоқ байлығым!» рубрикасы, «Жарқын болашақтың ұрпағымыз» ашық алаңы, Тәуелсіздік құрдастарымен «Тәуелсіздік елім-мақтанышым!» тікелей эфирлері ұйымдастырылады.
Аталған шараларды іске асыру қоғамның идеялық және рухани-мәдени бірігуін тереңдету, оқушылардың, студенттердің санасында мемлекеттілік пен тәуелсіздік құндылықтарын нығайту, патриотизм сезімін қалыптастырып, жаңа табыстарға ұмтылу мен жасампаздықты қалыптастырады деп сенеміз.