2021 жылдың 19 қаңтарында кешкі сағат 19.45 пен 20.40 шамасында белгісіз тұлға қала орталығындағы бір жер үйдің терезесін ішке қарай итеріп ашып, үй ішінен алтын бұйымдар ұрлаған.
Қолына түскен алтындарды қалтасына салып, лезде үйден шығып кеткен. 1961 жылғы Т. есімді азаматшаға 1 миллион 500 мың теңге көлеміндегі материалдық шығын келді. Абай полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің жедел уәкілдері уақытпен санаспай іздеп, күдіктіні құрықтады. Полиция қызметкерлерінің дамылсыз қызметі зая болмады. 1979 жылы. туған Д.есімді азамат ұсталды. Күдікті тұлға пәтерге ұрлыққа түскенін, бірнеше алтын бұйымдарды ұрлағанын толықтай мойындады. Күдіктіден алтын бұйымдар біртіндеп қана тәркіленді.
Абай Пб Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 3 тармағына сай қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізуде.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі