Мектептегі мереке

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында Оралдағы білім ордаларында түрлі мерекелік шаралар өтуде.

Соның бірі — зерде бұзылыстары бар балаларға арналған оқушылар арасындағы спорттық жарыс. Асық ату мен арқан тартудан өткен шараға 50-ге жуық зерде бұзылыстары бар балаларға арналған арнаулы мектеп-интернатының оқушылары қатысты. Олар үлкен жəне кіші топтарға бөлініп, өзара сайысқа түсті. Шара соңында үздіктер дипломдармен жəне медальдармен марапатталды.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *