Мұз үстіндегі қауіпсіздік — Меры безопасности на льду

         Әр су қоймасының мұз құрылымы бірдей емес, бір жерлердің мұзы қалың, енді бір жерлерде мұз жұқа болуы мүмкін.

         Сондықтан жолдарда, қар күртіктерінің астында, құламалы жағалардың маңында, қамыс арасында, жарқабақтардың астында, өзендер мен жылғалардың құйылысында мұз жұқа болып келеді де адамның салмағын көтермейді. Егерде өзен бетінде еріген су болса, ол жерлерде жүруге болмайды. Мұз бұзылар алдында, одан сарт-сұрт дыбыстар естіліп, мұздың сыртқы түрі өзгеріп, бетіне су шығады. Мұз жарылып, көлік ішінде қалғанда дереу одан шығып, қауіпсіз жаққа жылжыған жөн.

         Барлық сақтық шараларына қарамастан, мұз жарылып кетсе, үрейге берілмеген дұрыс. Су ағыны жүретін ойықтың шет жағына жылжу қажет. Ол адамның мұз астында қалмауына кепіл болмақ. Ойықтың шетіне жеткен соң, оған арқаңызды тіреп, сол аяқты судан суырып, мұз бетіне шығару керек. Мұз ойылмай ұстап тұрған жағдайда, абайлап арқаға аударылып, өзен жағасына қарай баяу жорғалау керек. Құрғақ жерге шыққан соң, тезірек жылынбаса салқын тиеді. Көз алдыңда біреу мұз астына түсіп кетсе, құтқару үшін қандай да таяқ, бақан немесе тақтай алып, баяу қозғалып ойыққа жақындаған жөн. Белбеу, белбеулі сөмке немесе шаңғы таяқшасын созып, жеңіл болатын жерге жорғалау керек. Судағы адам созылған затты ұстап алған жағдайда, оны мұқият судан шығару керек.

Мына ережелерді естен шығармаған жөн:

— жұқа, қатпаған мұз бетімен жүрмеген дұрыс;

— мұздың бөлек телімдеріне топталып тұруға болмайды;

— мұздағы шұңқырларға, жарықтарға, ойықтарға жақын тұруға болмайды;

— қараңғыда мұзбен жүру қауіпті;

— өткел жоқ жерден мұз үстімен автокөлікпен өтуге болмайды;

— егер мұздың түсі көгілдір болса берік қатқаны, ақ түсті болса беріктігі екі есе төмен.

Мұз үстінде қауіпсіз жүру үшін:

  • жалғыз адамға 12 см;
  • топ адамдар үшін 15-20 см;
  • жоғарыдан мұз үстінде сырғанау үшін 25 см;
  • жеңіл көлік үшін 35 см жоғары;
  • жүк көліктеріне 50 см жоғары;
  • трактор өтуге қауіпсіз қалыңдық 70 см жоғары болуы қажет.

Ережені үлкендер ескеріп қана қоймай, балаларға да үнемі үйретіп отырғандары жөн.


            Структура льда каждого водоёма бывает неодинаковой. Бывают участки с толстым слоем льда и наоборот.

Поэтому на дорогах, под снежными сугробами, на склонах берегов, между тростником, в местах слияния рек и ручьев лед тоньше и не превышает вес человека. Если на поверхности льда есть вода, значит, запрещается ходить по этим местам. Таяние льда на водоемах и реках сопровождается потрескивающимися звуками, изменениями поверхности льда, а также образованием слоя воды на поверхности. В случае, если автомобиль проваливается под лед, надо не медля выходить из автомобиля и перебираться в более безопасное место.

            Несмотря на все меры предосторожности, лучше не паниковать, если лед проламывается. Необходимо перебираться к краю разлома. Это гарантирует, что человек не останется подо льдом. Подойдя к краю разлома необходимо опереться спиной на край и вытащить левую ногу на поверхность льда. Если лед не ломается и выдерживает, нужно перевернуться на  спину и неспешно ползти к берегу. Если быстро не согреться, оказавшись в сухом месте, человек рискует простудиться. Чтобы спасти человека, на ваших глазах провалившегося под лед, лучше найти палку, сани либо доски и медленно подойти к месту разлома. Необходимо ползком дойти до места, откуда можно легче всего протянуть веревку  либо ремень. В случае, если тонущий зацепляется за протянутый предмет, надо его осторожно вытаскивать из воды.

Правила, которые надо помнить:

Не ходить по тонкому и не замерзшему льду.

— Не стоять близко к отверстиям, разломам на льду.

— Ночью опасно ходить по льду.

— Не передвигаться на автомобиле по льду, где нет моста перехода.

— Если цвет льда синий, то лед достаточно твердый. Если белый лед, то в два раза тоньше.

Толщина льда для безопасного передвижения на льду:

Для одного человека-12 см.

— Для группы людей-15-20 см.

— Для катания-25 см.

— Для легковых автомобилей-более 35 см.

— Для грузовых автомобилей- более 50 см.

— Для тракторов- более 70 см.

Было бы прекрасно, если взрослые люди не ограничивались только знанием данных правил, но и учили своих детей.

старший инженер ОЧС Жангалинского районакапитан гражданской защиты

Мамаев Е.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *