Зашаған кентінде мұз айдыны ашылды

Бүгін Зашаған кентінде ашық мұз айдыны ашылды. М.Мөңкеұлы көшесінің бойындағы тынымбақта орналасқан нысанның аумағы 1500 шаршы метрді құрайды. Мұз айдынын «Киокушинкай-кан каратэ» федерациясы құйған.


Орал қалалық спорт бөлімінің басшысы Артур Шергалиевтің айтуынша, биыл қалада 40-тан астам мұз айдыны бар.

  • Бүгін Зашаған кентінде екінші мұз айдыны ашылды. Мұз айдыны зашағандықтардың бос уақытын тиімді өткізуге әрі салауатты өмір салтын ұстануға арналған. Бұдан бұрын осы тынымбақта «Street workout» ашылып, шағын футбол алаңы жөндеуден өткізілген болатын», — дейді ол.

Мұз айдынына келушілер мұннан конькиді жалға ала алады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұз айдынына 120 дана жаңа конькилер алынған.


Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *