Цифрлы форумда педагогтер тәжірибе бөлісті


Орал қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде«Әдістемелік лайфхак» облыстық цифрлы форумы аяқталды, — деп хабарлайды Оралдағы НЗМ-нің баспасөз қызметі.

Күн тәртібіне қазіргі кездегіеліміздің барлық мұғалімін толғандыратынмәселелер қозғалды –  білім берудітрансформациялау, мектептердегі цифрлыорта, оқушылардың белсенділігін арттыру, заманауи мұғалімге қойылатын жаңа талаптар және  т.б.

– Форум қашықтан оқыту кезіндемұғалімдерді қолдау бойынша жүйеліжұмыстар және мектебіміздің бастамасыменжүзеге асқан «Жаңа заман мұғаліміне арналған цифрлы гайд» жобасы кезеңдерінің бірі болды. Цифрлы құралдар педагогтер үшін оқу процесін тиімді ұйымдастыру және оқушылардың бойында ХХІ ғасыр дағдыларын дамытудың заманауи әдісіне айналып отыр, – деді мектеп директоры Айдарбек Айтпукешев өзінің алғысөзінде.

Форумның хедлайнері, «Назарбаев қорының» білім беру саласындағы бас сарапшысы Назипа Аюбаева мұғалімнің қашықтан оқыту жағдайында мұғалімнің рефлективті тәжірибесінің маңызы және мұғалімдердің мектептегі кәсіби дамуы мен бірлескен мектепішілік    шеберлік арттырудыоқушылардың білім алуына тиімді әсер ету әдісі ретінде атап өтті. EdCrunch University НИТУ «МИСиС» орталығының директорыНұрлан Қиясов цифрлы алшақтықты қайта қарастыру, технологияны пассив қолдануданбелсенді пайдалануға көшу және мектептегі цифрлы білім беру ортасын қалыптастыру ерекшеліктерін ескеруге шақырды. 


Білім беруді трансформациялау тақырыбындағы панельді пікірталаста Қазан қаласындағы А.Н.Туполев атындағы ҚҰЗТУ жанындағы инженерлік лицей директорының орынбасары Индир Халиков, Оралдағы педагогикалық шеберлік Орталығы менеджер-әдіскері Гүлнара Есмагулова және Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледж директорының орынбасары Зинур Мұхтар баяндама жасады. Форумға қатысушылар әртүрлі заманауи ресурстардың ішінен тиімді цифрлы құралды қалай таңдауға болады, еңбек нарығы алдағы жылдарда қалай өзгереді, виртуалды әлем шынайы әлемге қалай әсер етеді, табысты офлайн жобаны табысты онлайнға қалай айналдыруға болады және қазіргі таңдағы мұғалімдердің практикасындағы басқа да өзекті мәселелерді талқылады.

«Цифрлы гайд» лайфхактар павильонында Зияткерлік мектептің үздік  мұғалімдері Pear Deck, LINOIT онлайн тақтасы, CLASSTIME, WORDWALL, Mindmeister сервистері сияқты онлайн-платформалар, пайдалы веб-сайттар, лайфхактар мен ұтымды шешімдерді таныстырып, олардың сабақта тиімді қолданылуын көрсетті. «Сандық сабақ» сессиясында облыстық жалпы  орта мектеп мұғалімдері постер түрінде  зерттеулерін ұсынды. 

Форум соңында  NIS мұғалімдерінің АКТ дағдыларын дамыту, қашықтан оқытудың озық тәжірибесін тарату және мұғалімдердің шығармашылық бастамасын дамыту мақсатында ұйымдастырылған  «Үздік онлайн-сабақ» кәсіби шеберлік байқауының  қорытындысы белгілі болды. 


Қазіргі заман сабағы – мұғалімнің монологы емес, пікірталас, зерттеу мен тәжірибе алаңы. Мұғалім жетекшілік етеді, ынталандырады, белсенді оқуға жағдай жасайды. Сол себепті мұғалімдердің кәсібилігіне қойылатын талаптар да артып келеді – енді олар заманауи оқыту әдістерін қолдана білуі керек. Форум қатысушылары осындай ортақ пікірге келді. 

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *