Тұрғындар үміткерлермен кездесті

Оралда «Nur Otan» партиясы тарапынан қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуді жалғастыруда.

Бүгін үміткерлер Тұрсынбек Байтеміров пен Рустам Ахметов «Алтындар» сауда үйінде және білім ордаларында болып, халықпен экспромт-кездесу өткізді. Тұрғындарды ел аумағында атқарылып жатқан іс-шаралардан және саяси науқанға дайындық барысынан хабардар етті.

Сонымен бірге партияның сайлауалды бағдарламасын өздерінің алға қойған мақсат-мүдделерімен ұштастырып, 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенділік танытуға шақырды. Өздерінің «Nur Otan» партиясы атынан сайлауға түсіп жатқандарын жеткізіп, партияны бір ауыздан қолдауға үндеді.

Бұл күні үміткерлер Тимур Әжіғалиев пен Айгүл Туркина әлеуметтік желіде белсенділік танытып, тікелей эфир арқылы тұрғындармен кездесті. Медицина саласында қызмет ететін Тимур Рахатұлы бұл салада жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып өтті. Сондай-ақ қос үміткер партияның бүгінгі тынысына тоқталып, азаматтардың сауалдарына жауап берді.

Оралда саяси науқан аясындағы «Есіктен – есікке» акциясы да – үміткерлердің адамдармен тікелей байланысқа шығуына мол мүмкіндік береді. Бұл ретте үміткерлер Арман Бәйдеуов пен Аида Маратова облыс орталығындағы көпқабатты үйлерді аралап, тұрғындармен жақын кездесті. Олардың ұсыныс-пікірлерін де ескерусіз қалдырмаған үміткерлер оларды сайлауда партияға дауыс беруге шақырды.

Бұл күнгі үгіт-насихат жұмыстары қала маңындағы Деркөл ауылындағы кездесумен жалғасты. Үміткерлер Бауыржан Атауов пен Айнаш Бижанова деркөлдіктерге партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, әлеуметтік басымдықтарға назар аударды.

“Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы” Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28 бабының 5-ші тармағына сай «Nur Otan»  партиясының Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының сайлау қорынан төленді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *