Еліміз егемендік алғалы спорт саласында биік межелерден көрінді. Осы салаға біздің қызметкерлерімізде өз үлесін қосуда.
Жуырда Орал қаласында спорттың аралас жекпе-жек түрі ММА-дан спорт клубтары арасында жарыс өтті. Осы жарысқа қаладағы бірнеше спорт клубтарының жеңімпаздары қатысты. Оқ бойы озық, машықтанған спортшылар көрермендеріне керемет әрі келісті ойын өрнегін сыйлай білді. Осы жарыста алдына келген қарсыласына дес бермеген полиция қызметкері Арслан Лукманов жеңімпаз атанды. Ол 70 келі салмақ дәрежесінде ерлер арасындағы сында боз кілем үстінде белдесті.
Полиция аға лейтенанты Арслан Лукмановтың ішкі істер саласындағы қызметі 2016 жылы басталды. 12 жасынан спорттың дзюдо мен күрес түрінен жатығып, шыңдалған жігіттің полиция саласындағы қызметі БҚО ПД шапшаң қимылдау арнайы жасағына инспектор лауазымына тағайындалудан бастау алыпты. Содан бері полиция қызметінің ыссы-суығына төзіп, қызметін мінсіз атқарып жүр. Спорттағы жеңістері де бір төбе. Арсланның бұл салада 5 жыл еңбек өтілі бар. Орал қалалық ПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі №17-учаскелік полиция пункітінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Арсланның алар асуы алда деп ойлаймыз және сәттілік тілейміз!
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі