Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне сайлау өткізу кезеңінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше жағдайлар туындаған кезде ішкі істер және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің кәсібилігін, өзара іс-қимылын арттыру мақсатында Теректі ауданының ТЖ бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Ж. Көпжасаровпен аудан аумағында сайлау науқаны кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі іс–шараларға қатысатын полиция қызметкерлері үшін оқыту іс-шараларын өткізді.
Оқыту төтенше жағдайлардың туындау тәуекелін барынша азайтуға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтауға, төтенше жағдайлар туындаған жағдайда материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға бағытталған.