Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрінің нұсқауына сәйкес, 2020 жылдың 11 желтоқсанында «ҚР ТЖМ БҚО ТЖД ӨС және АҚЖҚ (Орал қаласы)»ММ қызметкерлерінің қатысуымен Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданында орналасқан Орал халықаралық әуежайы ЖШС-де өрт-тактикалық оқу — жаттығуы өткізілді.
Өрт-тактикалық оқу-жаттығуға қызметтің 5 бірлік өрт сөндіру автоцистернасы және 2 бірлік арнайы техника, 1 бірлік жедел-құтқару жасағының техникасы, жеке құрамының 58 қызметкері және 1 бірлік авариялық-медициналық орталық техникасы, 3 бірлік жедел жәрдем техникасы және Орал халықаралық әуежайы ЖШС өрт сөндіру 1 бірлік техникасы қатысты.