Ұлттарды біріктірген егіз өнер

Дәл осындай атаумен бүгін БҚО ҚХА Достық үйінде «Ұлттарды біріктірген егіз өнер» атты әдеби–танымдық іс-шара өтті.

Батыс Қазақстан облысы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің бөлімі Сәкен Ғұмаров музей-үйінің ұйымдастыруымен өткен ҚР Суретшілер Одағының мүшесі, авангард суретші, театр қайраткері Сәкен Нәжімеддинұлы Ғұмаровтың шығармашылығына арналды.


ҚР Тәуелсіздігі күні аясында өткізілген бұл іс-шарада БҚО ҚХА Достық клубтарының мүшелері, әртүрлі ұлт өкілдері суретшінің туындыларына сәйкес белгілі ақын-жазушылардың өлеңдерін оқыды.


Аталмыш шара барысында «Қоғамдық келісім» КММ басшысы М.Қамбетов пен БҚО тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары А.Б.Берікқалиева Сәкен Ғұмаров шығармаларын өзге ұлт өкілдері арасында кеңінен таныстыру, мемлекеттік тіл мəртебесін көтеру, балаларды шығармашылыққа тарту жөнінде сөз алды және қатысқан оқушыларға алғыс хаттар табыстады.
Іс-шара соңында сырт көздің қызығушылығын туғызып, көңіліңді шуаққа бөлейтін үлкен еңбек, зор шабытпен жасалған Сәкен туындыларынан бейнеролик көрсетілді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *