Қашықтықтан оқыту- интернет- технологиялардың немесе басқа құралдардың көмегімен жүзеге асатын қашықтықтан білім беру.
Әлемдік пандемияға байланысты наурыз айынан бастап, бүкіл Қазақстан қашықтықтан оқытуға көшті. Смартфон, ноутбуктерді жаңа қолға алып үйренген балалардан, жоғары оқу орнының студенттеріне дейін қашықтықтан оқу- жаңа заман талабына айналды. Қазіргі таңда, мыңдаған Қазақстан оқушылары мен студенттері әрдайым желіде, ал жаңа технологиялар қашықтықтан білім алуға үлкен мүмкіндік. Zoom, DarynOnline, Kundelik.kz, Bilimland деген платформалар белсенді қолданылуда. Бірақ, бұндай білім беру әдісінің тиімділігі көпшілікте күмән туғызады. Әрине, қашықтықтан білім алған, оқыту платформаларымен жұмыстанған ыңғайлы. Алайда, бұл дәстүрлі оқытудың орнын баса алады ма?
Біріншіден, қашықтықтан оқыту студенттер үшін тиімді. Көпшілік студенттер білім алумен бірге, еңбек қызметін қатар алып жүре алады.
Екіншіден, қашықтықтан оқытудағы ақпараттық бағларламалар жетекші құрал болып табылады. Студенттер ақпараттық бағдарламаларды меңгере алады. Әрине, жаңа заманның білім беру әдісінің артықшылықтарымен бірге, кемшіліктері де қалмайды.
- Студенттер мұғаліммен кеңесу үшін жеке байланысуға мүмкіндік жоқ;
2.Командада (мұғалімдермен, сыныптастармен, университет әкімшілігімен) қарым- қатынас құру, аудитория алдында сөйлеу секілді нюанстар бар; - Кез келген мамандықты қашықтықтан үйренуге болмайды (дәрігер, ветеринар).
Ж. Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің орыс тілі және әдебиеті кафедрасының жетекшісі А.С Бекбулатованың айтуынша: «Жаһандық пандемия әлем бойынша білім беру жүйесіне көптеген өзгерістер еңгізді. Қашықтықтан оқыту өзінің лайықты орнын алды деп ойлаймын.
Коронавирустың таралуына байланысты білім беру мекемелері алғашқы күннен бастап қашықтықтан оқытуға көшіп, өз жұмысын сенімді түрде қайта құра бастады. Оқу үдерісін ұйымдастыру үшін әр мұғалім электронды платформаларға қол жеткізе алады. Ақпараттық жүйелер әріптестерінің видео сабақтарына, тапсырмаларға, бағалауға, тестілеуге, әртүрлі мәселелерді талқылауға баға жетпес көмек көрсетеді. Бірақ, технология қанша жағдай жасаса да, дәстүрлі оқытудың орны толмайды және біз сыныптарымызға және аудиториямызға оралу үшін пандемияның аяқталуын асыға күтеміз.
Ал бүгін, осы қиын кезеңде біз бір-бірімізге құрмет пен төзімділік таныта отырып, бірігуіміз керек».
Тәмамдай келе, қашықтықтан оқыту- білім беру жүйесінің бірден бір маңызды бөлігі. Сонымен қатар, оның қазіргі заманда дәстүрлі білім беру әдісімен қатар, білім беру жүйесінде болуға толық құқылы екенін атап өткен жөн.
Амина Махсотова,
Абылай хан атындағы ҚазХҚжәнеӘТУ
2 курс студенті