Бүгін Оралда 14 наурыз — Көрісу айт (Амал) мерекесіне байланысты ауқымды іс-шара ұйымдастырылды.
Абай алаңына ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, жиналған жұртшылық ұлттық тағамнан дəм татты.
Қала тұрғындары мен қонақтарды Көрісу айт мейрамымен құттықтаған облыс əкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов.
«Бүгін міне тағы бір жылды артқа тастап,қыстан аман шығып, шырайлы көктемнің лебін сезінудеміз. Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында көптеген ұмыт қалған дəстүрлерімізбен қауышудамыз. Соның бірі — осы Көрісу айт күні», — деп, əр шаңыраққа амандық, елімізге тыныштық тіледі.
Ақжарма тілекті жалғаған қала əкімі Мұрат Мұқаев бұл да — қасиетті Тəуелсіздіктің теңдессіз сыйы екенін айтты.
Мерекелік шара облыстық мəдениет басқармасы ұйымдастырған концерттік бағдарламамен жалғасты.
Лəззат ҚАЖЫМОВА