Абайлаңыз, Көктайғақ!

КӨКТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕСІ

 Көктайғақ – жаңбырдан кейін күннің салқындауынан немесе еріген қардың ауа райның күрт салқындап кетуіне байланысты пайда болатын мұз қабаты. Ол көбінесе адамдар көп жүретін жерлерде және тратуарларда кездеседі. Жаяу жүргінші көктайғақ кезінде – құлап бір жерін жарақаттап алуы мүмкін және көлік астына түсіп қалу қауіпі бар. 2019 жылы Батыс Қазақстан облысында көктайғақ әсерінен 2000-нан астам адам түрлі жарақат алған.

Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:

  • Сырғанамайтын, табанында ұсақ өрнектері бар аяқ киімдерді таңдаңыз.
  • Аяқ астына қараңыз, қауіпті биік өкшелі аяқ киімдерді кименіз.
  • Егер мұзды жерді айналып өту мұмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
  • Жолдың келесі бетіне өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
  • Аяғыңыздың астына мұқият қараңыз, қауіпті жерлерді (мұздатылған шұңқырларды, баспалдақтардың беткейлерін  т.б.) айналып өтуге тырысыңыз. 
  • Тізенізді сәл босатып,  баяу жүріңіз.

ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ!   Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет. 

Көктайғақ жағдайында автокөлік жүргізушілеріне ұсыныстар:

Егер сіз автокөлік жүргізсеніз, келесі қағидаларды есте сақтаныз: автокөлік дөңгелегін қысқыға ауыстырыныз. Автокөлік қозғалғанда, бұрылғанда немесе тоқтағанда тиісті сигналдарды беруді ұмытпаңыз. Автокөліктер арасында қауіпсіз ара-қашықтықты сақтаныз.

Жүргізуші жолды кесіп өтетін адамдарға жол беруі тиіс, ал жаяу жүргіншілер бұл үшін арнайы белгіленген орындарда барынша абайлап өтуге міндетті екенін есте сақтаған жөн.

Облыс аумағында 2019 жылы көктайғақтың әсерінен 45 жол-көлік оқиғасы орын алды. Жол апаты салдарынан 34 адам түрлі жарақат алып, 16 адам көз жұмды.

Көктайғақта және жолда қажетті қауіпсіздік шараларын сақтау сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызды сақтайды!

БҚО ТЖД Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *