2020 жылдың 19 қараша күні сағат 15.00 шамасында 2000 жылы туған Н.есімді, еш жерде жұмыс жасамайтын, қала тұрғыны «Сити Центр» орталығы төңірегінде жүріп, бейтаныс жанның ұялы телефонын физикалық күш көрсету арқылы тартып алған.
Тапа-тал түсте корпусы қара түсті телефонынын айырылып, тоналған жас жігіт Орал қалалық Полиция басқармасына дереу хабарласты. Басқармаға хабарласқан 1999 жылы туған Орал қаласындағы бір колледждің 3- курс студенті тоналғанын баяндап, шағымданғанды. Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері оқиға орынына барып, күдіктіні құрықтады. Күдікті жолай кездескен бейтаныс кісіні тонағанын тартып алған ұялы телефонды сатып, тапқан ақшаны өз қажетіне жаратқанын айтты. Бүгінгі күні басқарма тонау фактісі деп танып, қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі