Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жолын кесу бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы халықты ақпараттандыру, олардың полицияға сенімін арттыру, қоғамда отбасының рөлін нығайту мақсатында Орал қаласы аумағында ағымдағы жылдың қараша айының 13-15 күндері аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылыққа жол ЖОҚ!» атты республикалық акциясы өткізіледі.
Құрметті қала тұрғындары!
Отбасындағы зорлық-зомбылық орын алған жағдайда келесі алгоритімді қолданған жөн.
1 қадам. Зорлық зомбылық туралы ауызша арызбен 102 нөмірі бойынша дереу полицияға хабарласыңыз немесе qamqor.gov.kz порталы арқылы онлайн арыз беріңіз. Құқық бұзушыға шара қолдану үшін полиция қызметкерлерінің тұрмыстық зорлық – зомбылық жасаған жерге келулерін талап етуге құқылысыз.
2 қадам. Жарақат алған жағдайда 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақырыңыз. Полиция қызметкерлерінен сот-медициналық куәландыруға жолдама алыңыз.
3 қадам. 150 тегін нөмірі немесе +7-708-106-08-10 нөмірі (WhatsApp) www.telefon150.kz сайты арқылы тәулік бойы жұмыс жасайтын балаларға, жастарға және зорлық-зомбылық көріп отырған адамдарға арналған ұлттық бірыңғай сенім телефонына хабарласыңыз. Онда сізге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіп, учаскелік полиция инспекторлардың, дағдарыс орталықтарының және басқа да қажетті ұйымдардың байланыс телефондарын береді. Хабарласудың жасырын, құпияда болуына кепілдік береді.
4 қадам. Қаламызда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталықтары жұмыс істейді. Сіздің өміріңіз бен денсаулығыңызға қауіп төнген жағдайда Сіз осы орталықтан баспана сұрай аласыз.
5 қадам. Орал қаласында Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиялар жұмыс істейді. Ол жерде Сізге кеңес беріп, қажетті қолдау көрсетеді.
Куспанова М.Е,
Орал қалалық ПБ ЖПҚб ЮПб аға УПИ
полиция майоры