«АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ » АТЫН ЖАМЫЛЫП АЛАЯҚТЫҚ ЖАСАЙТЫНДАР КӨБЕЙГЕН


«Азаматтарға арналған үкімет» ХҚО баспасөз қызметі соңғы уақытта азаматтарға қоңырау шалып, өзін ХҚО қызметкерімін деп таныстырып, қарызын төлеуді немесе тексеріс үшін жеке басының мәліметтерін сұрайтын алаяқтардың әрекеті жиілеп кеткенін және одан сақ болуды ескертеді.


Келеңсіз жайттарды болдырмау үшін «Азаматтарға арналған үкімет» қызметкерлерінің ешкімге қоңырау шалмайтынын, борышкерлердің мәліметтер базасын көре алмайтынын және коллекторлық компаниялардың жұмысына еш қатысы жоқтығын хабарлайды.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы азаматтарға мұқият болып, жеке деректерді үшінші тұлғаларға таратпауға кеңес береді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *