Оралда дәрі-дәрмек бағасы тұрақты

Бүгін Орал қаласы бойынша дәріхана сөрелеріне түскен барлық препараттардың бағасын бақылау бойынша мониторинг жүргізілді.

Мониторингтік бақылауға «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссия мүшелері, БҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі және «Ақжайық адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, БҚО Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің фармацевтикалық инспекторы және БАҚ өкілдері қатысты.

Мониторинг барысында орталық базар маңындағы және Сергей Тюленин көшесі бойындағы дәріханаларда дәрілердің бағасы тұрақты екені анықталды. Сонымен қатар қала тұрғындары барлық дәріханаларда тұтынушыларға арналған ақпарат тақтайшасында ілінген QR-код арқылы дәрілердің шекті бағасын біле алады.
Айта кетейік, осыдан бұрынғы өткен рейдтік бақылау кезінде қаламыздағы 2 дәріхана дәрілердің шекті бағасынан асыра сатқаны үшін заң аясында жазаланған болатын.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *